Ердоған Аббасқа көңіл айтты

Президент Ердоған Палестина лидері Махмуд Аббасқа көңіл айтты.

144281
Ердоған Аббасқа көңіл айтты

Президент Режеп Тайып ЕрдоғанПалестинаның тұрғын аймақтары мен бөлшектеу қабырғасымен күрес комиссиясы басшысы Зияд Әбу Айннің Израиль әскерлерінің шабуылында науқастанып, дүниеге көз жұмғанына орай Палестина лидері Махмуд Аббасқа көңіл айтқан бір хат жолдады.
Президент көңіл айту хатында Израильдің жаулаушы күштерінің опасыздық әрекетін айыптағанын білдіріп, «Марқұм Айннің қайтыс болу оқиғасы Израильдің Палестина халқына бағытталған шабуылдың опасыздығын паш етуде» деді.
«Түрік халқы осы қаралы күнде Палестина бауырларының қайғысын бөлісуде» деген президент Ердоған «Израиль жайлауын аяқтатып, палестиналық бауырларымыздың тәуелсіз бір ел шаңырағы астында өмір сүруі үшін Түркия болып Палестина халқының қасында боламыз» деген сөздер қолданды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар