Давутоғлу Әл-Акса мешітіне жасалған шабуылды сынға алды
Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Израильдің Әл-Акса мешітіне жасаған шабуылын айыптады.
Израиль әскерлерінің Әл-Акса мешітіне басып кіруін «зұлымдық» деп бағаландырған премьер-министр Ахмет Давутоғлу әлемді және мұсылмандарды Әл-Акса мешітіне ие шығуға шақырды.
Мемлекеттік мекемелердің брифингіне қатысқан премьер-министр Ахмет Давутоғлуның соңғы аялдамасы Ұлттық барлау ұйымы болды.
Брифингтің артынан Барлау ұйымы кеңесшісі Хакан Фиданмен баспасөзге мәлімдеме жасаған Давутоғлу Израиль әскерлерінің Әл-Акса мешітіне кіруіне тоқталды.
Давутоғлу Израильді қатаң сөздермен сынға алып, барлық әлемді Әл-Акса мешітіне ие шығуға шақырды.
Түркияның әрқашан палестиналықтардың қасында екенін атап көрсеткен Давутоғлу Иерусалим мен Әл-Акса мешіті мәселелерінің Түркияның ең басты Орташығыс саясаттарының бірі екенін айтты.
Давутоғлу «Иерусалим бейбітшілік қаласы болу керек кезде Израильдің осы ұстанымы арқасында қақтығыстар, соғыс және зұлымдық көрініс тапқан бір қалаға айналды. Барлық мұсылмандарды және бүкіл әлемді Әл-Акса мешітіне ие шығуға шақырамын» деді.
Давутоғлуның күн тәртібіндегі тағы бір тақырып террорды жою үшін жүргізілген «шешім үдерісі» болды.
Халықтардың Демократиялық партиясының ұстанымын сынға алған премьер-министр шешім үдерісі аясында мекемелік тәртіпті бұзуға рұқсат етілмейтінін тағы бір рет атап көрсетті.
Барлаудың маңызына тоқталған Давутоғлу Ұлттық Барлау Ұйымының қол жеткізген жетістіктерін мақтау тұтқандарын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Ердоған Румыния премьер министрін Анкарада қабылдады
Президент Ердоған Румыния премьер-министрі Чиолакумен ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.
Газада 35 мың 647 адам қаза тапты
Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар саны 35 мың 647-ге артты.