Ел қауіпсіздігі мәселесі қаралды
Анкарада Қауіпсіздік саммиті болып өтті.
151555
Түркияның Сириямен шекарасында қызу шайқас жалғасып жатқанда, барлық назар Анкарадағы жиналысқа ауды.
Анкарада премьер-министр Ахмет Давутоғлу басшылығында қауіпсіздік саммиті болып өтті.
Давутоғлу жиналыстан кейін баспасөз қызметкерлеріне мәлімет берді.
Сирия мен Иракта болып жатқан оқиғалар алдында адамдық ұстанымды Түркияның көрсеткенін айтқан премьер-министр «Оқиғалар Түркияда болып жатқандай қып көрсетіп, қырып-жоюға себеп болуға болмайды» деді.
Давутоғлу осы оқиғаларды елдегі террор проблемасын шешім үдерісімен байланыстыруды да сынады. «Террордың жойылуы үшін жүргізілген үдеріс пен коғамдық тәртіпті бұзу бірдей емес» деді ол.
Премьер-министр шетелде болған бір оқиғаның ішкі саясатқа құрал болуына да рұқсат берілмейтінін айтып, «Осы оқиғалардың жауапкершілігі алдымен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің және тұрақты бес мүшенің үстінде» деді.