Ердоған Батыс елдерін сынады

Ердоған «Ирак Дамаск Ислам мемлекетінің Исламмен байланысы жоқ» деді.

143865
Ердоған Батыс елдерін сынады

Президент Режеп Таип Ердоған террормен күреске байланысты Батыстың тұғырын сынады. Ердоған Ирак Дамаск Ислам мемлекетімен күрес үшін коалиция құрғандардың Түркиядағы ПКК террористік лаңкестіктерге жылдар бойы үнсіз қалғанын айтты.
Стамбұлда Түркия Жасылай қоғамы ұйымдастырған Халықаралық Есірткі саясаттары мен халықтың денсаулығы симпозиумына қатысқан Ердоған «Ирак Дамаск Ислам мемлекетінің Исламмен байланысы жоқ. Ислам террорлық лаңкестіктерге рұқсат бермейді» деді.
Ердоған Исламның және жер бетіндегі басқа бір діннің осындай қанқұйлылықты, өшпенділікті, осындай бір адамгершілікке жат қылмыстарды әсте заңды деп қарамайтынын тілге тиек етті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар