Түрік азаматтар еркін

Түркия күткен қуанышты хабарды премьер -министр Давутоғлу берді.

132383
Түрік азаматтар еркін

ISIS лаңкестік ұйымының қолында кепілге алынған 49 түрік азаматы еркіндікке жетті.


Түркия күткен қуанышты хабарды премьер -министр Давутоғлу берді.


Давутоғлу лаңкестік ұйымның қолындағы 49 кепілге алынған азаматтың бүгін таңғы сағат 5 кезінде Шанлыурфаға жеткенін және дендерінің сау екенін білдірді.


Премьер-министр Давутоғлу ресми іссапармен Әзірбайжанда жүріп, таңертең ертемен журналистердің алдына шықты.


Давутоғлу үш айдан астам уақыттан бері Мосулда қамауда болған түрік азаматтарының Түркияға әкелінгенін айтты.


Премьер министр консулдық қызметкерлерінің денсаулықтарының жақсы екенін, қазір Шанлыурфа қаласында екенін, өзінің де сонда баратынын айтты. Давутоғлу азаматтардың Ұлттық барлау ұйымының өз әдістерімен жүргізген операциясы нәтижесінде құтқарылғанын атап көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар