Сыртқы істер министрлігі Қырымдағы шабуылдарды айыптады

Қырым Татар Ұлттық Мәжілісі мен мүшелерінің үйлеріне жасалған басқындар айыпталды

130528
Сыртқы істер министрлігі Қырымдағы шабуылдарды айыптады

Сыртқы істер министрлігі Қырым Татар Ұлттық Мәжілісі және Мәжіліс мүшелерінің үйлеріне жасалған шабуылдарды айыптады.
Министрліктен жасалған жазбаша мәлімдемеде «Қырым Автономиялық Республикасында өмір сүрген және жергілікті татар халқының өкілдігін жасаған органы Қырым Татар Ұлттық Мәжілісі мен кейбір мүшелерінің үйлеріне 2014 жылы 16 қыркүйек күні қарулы қызметкерлер жасаған басқындарды айыптаймыз» делінді.
Мәлімдемеде демократиялық хақтарын бейбітшіл жолдар арқылы іздеген Қырым татар халқын Қырым Татар Ұлттық Мәжілісіне басқын жасап қорқытуды мақсат еткен мұндай әрекеттердің қабылданбайтыны атап көрсетілді.
Мәлімдемеде «Халықаралық қоғамның да Қырым татар халқының қайғыларына жаңаларын қосуға бағытталған осы бастамаларына үнсіз қарап отырмайтынына сенеміз. Түркия Қырым Автономиялық Республикасындағы жаңалықтарды әсіресе де, Қырым татар халқын нысанаға алған барлық шара мен операцияларды жақын қадағалайтын болады» делінді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар