Чанкая сарайында қауіпсіздік жиналысы

Бас штаб басшылығында дайындалып жатқан аралық аймақ құрылуы ұсынысы да күн тәртібіне келді.

130525
Чанкая сарайында қауіпсіздік жиналысы

Президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен кеше Чанкая президенттік сарайында қауіпсіздік мәслихаты өтті.


Жиналысқа премьер-министрі Ахмет Давутоғлу, Бас штаб төрағасы генерал Неждет Өзел, Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Ұлттық қорғаныс министрі Исмет Йылмаз, Ішкі істер министрі Эфкан Ала, Ұлттық барлау ұйымы басшысы Хакан Фидан және Бас штабтың екінші төрағасы генерал Яшар Гүлер қатысты.


Кезектен тыс жиналыс шамамен үш сағат болды. Аймақтағы соңғы ахуал мен Түркияға әскері талқыға салынды.


Бас штаб басшылығында дайындалып жатқан аралық аймақ құрылуы ұсынысы да күн тәртібіне келді.


Жиналыстан кейін Сыртқы істер министрі журналистердің сұрақтарына жауап беріп, «жалпы қауіпсіздік рисктері қолға алынды» деді.


Давутоғлу Түркияның тек Ирак, Сирия емес, Украина және аймақтағы барлық дағдарыстар мен қауіпсіздік шарттарына орай әртүрлі сценарийге дайын болуы керектігін айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар