Еуропада өмір сүрген түрік текті заңгерлер Түркияда бас қосты

«Халықаралық заңдар мен салыстырмалы заңдық оқу» бағдарламасы Анкарада басталды

126664
Еуропада өмір сүрген түрік текті заңгерлер Түркияда бас қосты

Еуропада өмір сүрген түрік заңгерлер Анкарада «Халықаралық заңдар мен салыстырмалы заңдық оқу» бағдарламасында бас қосты.
Шетелдегі түріктер мен туыс қауымдастықтар мекемесі қонақжайлығында өткен бағдарлама бір апта бойынша жалғасады.
Мақсат Еуропаның әртүрлі мемлекеттерінде заң қорғаушысы болып жұмыс істейтін заңгерлерге Түркиядағы заң жүйесі жайлы егжей-тегжейлі мағлұматтар беру.
Бағдарлама аясында алдымен әлемдегі әртүрлі заң шығару, басқару және жоғары сот жүйесі салыстырмалы түрде қолға алынады.
Сондай-ақ мамандармен өтетін практикалық жұмыстар мен талқылаулар арқылы Түркиядағы заң жүйесі таныстырылады.
Шетелдегі түріктер мен туыс қауымдастықтар мекемесі басшысы Кудрет Бүлбүл әртүрлі мемлекеттерде өмір сүрген түрік заңгерлерінің бір-бірімен байланысының маңызына назар аударды.
Бағдарлама 17 қыркүйек сәрсенбі күні Стамбұлда жалғасады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар