Түркия F-16 жойғыш ұшақтарын мерәсіммен Пәкістанға өткізді
Түркия модернизациялаған F-16 жойғыш ұшақтар мерәсіммен Пәкістанға өткізілді
Түрік авиация және ғарыш өнеркәсібі Пәкістан F-16 модернизациялау бағдарламасы аясында соңғы 4 ұшақты Пакістан әуе күштеріне өткізді.
Келісім-шартқа 2009 жылы ТУСАШ пен Пәкістан Қорғаныс министрлігі арасында қол қойылған болатын.
Бағдарлама аясында Пәкістан Әуе күштеріне тиесілі 41 дана F-16 ұшақтың ТУСАШ заводтарында авионик және құрылымдық модернизация жүзеге асырылды.
ТУСАШ модернизациялау жұмыстарына қоса Пәкістан Әуе күштері қызметкеріне оқу-жаттығу жұмыстарын өткізіп, Пәкістан Әуе күштерінің техникалық қабілетін арттыруына үлес қосты.
Анкараға қарасты Казан ауданы ТУСАШ орталығында кеше ұйымдастырылған мерәсімге араларында Пәкістан Әуе күштері қолбасшысының орынбасары генерал-полковник Сохаил Аман мен Түрік әуе күштері қолбасшысы генерал-полковник Мехмет Шанвер де бар көптеген жоғары лауазымды қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
Газада 35 мың 647 адам қаза тапты
Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар саны 35 мың 647-ге артты.
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауына байланысты мәлімдеме жасады
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауының 160 жылдығына орай еске алу хабарлама жариялады.