Түркияда президент сайлауы өтіп жатыр

Президенттіктен үміткерлер де дауыс беруде

85591
Түркияда президент сайлауы өтіп жатыр

Президенттіктен үміткер проф. Экмеледдин Ихсаноғлу Ыстанбұлда дауыс берді.
Ихсаноғлу «Бүгін Түркия қалың қауымның даусына құлақ беретін болады»-дей келіп, сайлаудың Түркия үшін қайырлы болуын тіледі.
Президенттіктен үміткер Селахаттин Демирташ болса Диярбакырда дауыс берді.
Демирташ «Нәтиже қандай болса да демократия үшін күресіміз тоқтамайды» деді.
Президенттіктен үміткер премьер министр Эрдоған Ыстанбұлда дауыс берді.
Ал Түркия парламенті төрағасы Жемил Чичек Анкараның Гөлбашы ауданында, Республикалық партияның басшысы Кемал Кылычдароғлу мен Ұлтшыл Қозғалыс партиясы басшысы Девлет Бахчели де Анкарада дауыс берді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар