Президент Абдуллах Гүлдің қоштасу зияраттары

Президент заң органдары басшыларымен қоштасты

81037
Президент Абдуллах Гүлдің қоштасу зияраттары


28 тамызда қызмет мерзімі аяқталатын президент Абдуллах Гүл кеше де қоштасу зияратларын жалғастырды.
Абдуллах Гүл алдымен ат басын Конституциялық сот мекемесіне тіреді.
Конституциялық Соттың басшысы Хашим Кылыч кіре берісте қарсы алған президент Гүл бұл жерде 50 минуттай қалды.
Содан кейін Жоғары Сотқа келіп, басшысы Али Алканмен кездескен президент Абдуллах Гүл мемлекеттік сот басшысы Зеррин Гөнгөрді де зиярат етті.
Президент Абдуллах Гүл кешкісін Жоғарғы әскери кеңес мүшелерімен Чанкая резиденциясында бас қосты.
Президенттің Қарулы күштер бас қолбасшысы генерал Неждет Өзелмен де кездесуі жоспарланған.
Абдуллах Гүл Түркия парламентінде орын алған саяси партиялардың басшыларымен де жеке-жеке кездесетін болады. Президент 12 және 19 тамызда Чанкая резиденциясында қабылдау ұйымдастыратын болады. Бірінші қабылдауға үкімет басшылары мен саясатшылар, екінші қабылдауға өнер адамдары, жазушылар, журналистер, қоғамдық ұйымдардың басшылары мен кәсіпкерлер шақырылады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар