Эрдоған: «Белсенді президент боламын»

Эрдоған келешекке байланысты жоспарларын мәлімдеді

79627
Эрдоған: «Белсенді президент боламын»

Президенттіктен үміткер премьер-министр Эрдоған сайланған жағдайда белсенді елбасы болатынын мәлімдеді.
Бір телеарнада күн тәртібіне байланысты сұрақтарға жауап берген премьер-министр Эрдоған президенттің халықтың қалауымен сайланатынын білдіре отырып, президенттің мемлекеттің басшысы ретінде керек болған жағдайда Министрлер кеңесіне төрағалық жасай алатынын айтты.
Израильдің Газаға шабуылдарына да тоқталып кеткен Эрдоған Біріккен Ұлттар Ұйымы бас хатшысы Пан Ги-мунмен сөйлескенін және БҰҰ Қауіпсіздік комитетінің шақырылуы керектігін айтқанын білдірді.
Түркияның ТИКА мен Қызылай ұйымы арқылы Газаға гуманитарлық жәрдем жіберіп жатқанын білдірген Эрдоған Израильдің шабуылдарына байланысты аймаққа кірудің қиын екеніне де назар аударды.
Түркияның 2023 жылға дейінгі жоспарларын да тілге тиек еткен премьер-министр 2023-жылы Түркияны әлемдегі дамыған 10 ел арасында кіргізуді жоспарлап отырғандарын айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар