Шанлыурфада 2 сарбаз шейіт болды

Бір шекарашы жаралы

66484
Шанлыурфада 2 сарбаз шейіт болды

Шанлыурфадағы Сирия шекара бекетіне оқ атылуына байланысты 2 сарбаз шәйіт болды, 1 сарбаз жараланды.
Шанлыурфаның Жейланпынар ауданында шекараны бұзып өтуге тырысқан қарулы топқа ескерту жасалды.
Бірақ ескертуді тыңдамаған қарулы топ шекарашыларға оқ жаудырды. Бұған сарбаздар да оқ атумен жауап берді.
Қақтығыс нәтижесінде қарулы топ Сирияға кері қайтты. Қақтығыс кезінде жараланған 3 сарбаз ауруханаға апарылды. Бірақ шекарашылардың екеуі ауруханада ауыр жарақатқа байланысты қайтыс болды. Үшінші сарбаз емделуде.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар