87 университет Израильді айыптады

Түркиядағы 87 университет ректорлары Израиль шабуылын айыптаған хаттама жариялады.

65805
87 университет Израильді айыптады

Түркиядағы 87 университеттің ректорлары ортақ хаттама жариялап, Израильдің Газаға жасаған шабуылдарын айыптады.
Газада адамгершілікке жат трагедияның жасалғаны білдірілген хаттамада бұл қырғынға қарсы күллі әлемнің соқыр және саңырау сияқты әрекет еткені дәріптелді.
Израиль әкімшілігінің ақылынан адасқанына, балаларды нысанаға алып, зұлымдық істегеніне меңзелген хаттамада «Ислам әлемінің қасиетті Рамазан айында Газада бомба дауысымен бірге қайғы-қасірет пен көз жастары ішінде ауыз ашылуда. Өкінішке орай, зұлымдық пен жауыздыққа көз жұмған барша осы опасыздықтың қолдаушысы болуда» делінді.
Бүкіл әлемнің, әсіресе Ислам әлемінің мұсылмандарды және Ислам құндылықтарын нысанаға алған Израиль әкімшілігіне қарсы береке-бірлік пен ұйымшылдық ішінде, ортақ бір тұғыр ұстануға мәжбүр екеніне назар аударылған хаттамада Израиль әкімшілігінің осы опасыз шабуылдар арқылы ешқандай нәтижеге жете алмайтыны, алайда адамгершілікке жат осы зұлымдыққа көз жұмған сайын қаза тапқан балалардың әңгімелері таусылмайтыны білдірілді.
Газадағы зұлымдыққа қарсы ұлттық және халықаралық платформада қоғамдық үнді қалыптастыруда барлық жауапкерліктің көтерілетіні білдірілген хаттамада Газа үшін барлық университеттерде қолдау мен жәрдем кампаниялары басталатыны атап көрсетілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар