Ердоған наразылығын білдірді

"Қалай қол қусырып отыр?" деді ол.

65292
Ердоған наразылығын білдірді

Премьер-министр Режеп Таип Ердоған Израиль мен шабуылдарына көрермен болып қалған елдерді сынға алды.


Ердоған «Мұны қалай көріп қана отырасыздар, біз қатты қиналып отырмыз» деді.


Премьер-министр Ердоған Орду қаласында жеке меншік бір телеарнада сұрақтарға жауап берді.


Ердоған «Америка «Израиль өзін қорғап жатыр» десе, негізінде өзін сынға алуы керек. Американың әлем бейбітшілігіне үлесі одан да көп болуы керек. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің бір мүшесі ретінде әділетті болуы керек» деді.


Қытайдың мәлімдемесін әділ көзқарас ретінде қабылдағанын атап көрсеткен Ердоған, көптеген елдің Израильді қолдауының ойлантатын жайт екенін айтты.


Премьер-министр «Израиль асыра күш қолдану арқылы, бала-шаға деместен аяусыз өлтіріп жатыр. Бұлардың барлығына көрермен болып отыру мүмкін емес. Америка сынды бір ел қалай қол қусырып отырады?» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар