Түркия Ливия Өкілдер Мәжілісі жайлы мәлімдеме жасады

Түркия Ливияда сәтті өткен сайлаудың маңызды бір қадам екенін атап көрсетті

110921
Түркия Ливия Өкілдер Мәжілісі жайлы мәлімдеме жасады

Түркия Ливияда Өкілдер Мәжілісі сайлауының табысты түрде жүзеге асуын құттықтады.
Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде сайлаудың Ливияның демократиялық кезеңінің толықтырылуы үшін маңызды бір қадам екенін атап көрсетті.
Мәлімдемеде Өкілдер Мәжілісінің мәселелерді диалог жолымен шешу үшін жаңа бір ортаның құрылуы және Ливия халқының лайықты түрде тыныштық пен тұрақтылыққа қол жеткізуіне үлес қосуын тілегені атап көрсетілді.
Мәлімдемеде сондай-ақ «Түркия тұрақтылық, тыныштық және демократия күресінде дос және бауырлас Ливия халқына қолдауымыз жалғасады» делінді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар