Үміткерлерін 1 шілде күні жариялайды

Әділет және даму партиясы президенттікке ұсынатын үміткерлерін жариялайды.

105714
Үміткерлерін 1 шілде күні жариялайды

Әділет және даму партиясы президенттікке ұсынатын үміткерлерін 1 шілде күні жариялайды.
Президенттік үшін Республика халық партиясы мен Ұлтшыл қозғалыс партиясы Ислам Ынтымақтастық ұйымының бұрынғы бас хатшысы Екмеледдин Ихсаноғлун көрсеткен болатын. Енді барлық назар биліктегі партияға ауды.
Премьер-министр Режеп Таип Ердоған партиясының отырысында үміткерлерін 1 шілде күні білдіретіндерін айтты.
Айырмашылықтардың қақтығыстың емес, байлықтың белгісі екенін айтқан Ердоған «Біз баршаға, барлық наным-сенімдерге, секталарға, этникалық топтарға және мәдениеттерге тең қарадық. Баршаға құшақ жайдық. Біздің критерияларымыз белгілі. Түркия Республикасының азаматы болу біз үшін ең маңызды критерия» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар