Әділет пен Өркендеу партиясы ОАК жиыны өтті

Жиында түрлі маңызды мәселелер талқыланды

105104
Әділет пен Өркендеу партиясы ОАК жиыны өтті

Әділет пен Өркендеу партиясының орталық атқару комитеті премьер-министр Эрдоғанның төрағалығымен жиналды.
Шамамен 6,5 сағатқа созылған жиналыстың күн тәртібіндегі негізгі мәселе жақындап келе жатқан президент сайлауы болды.
Әділет пен Өркендеу партиясы орталық атқару комитетінде Сирия, Ирактағы жағдайлар да қаралды.
Ұлыбритания премьер-министрі Давид Камерон да да Эрдоғанмен телефон арқылы сөйлесті.
Премьер-министрліктен алынған мәліметтерге қарағанда бұл сұхбатта Сирия мен Ирактағы соңғы жағдайлар туралы сөз болған. Екі лидер аймақтық мәселелерді де талқылады.
Премьер-министр Эрдоған мен Давид Камерон Ирактағы саяси кикілжің мен діни мәзхәптар арасындағы қақтығыстардың алаңдатып отырғанын және осы мәселені шешу үшін келісім үкіметі құрылу керектігін білдірді.

Сириядағы азамат соғысында 1 миллион Сириялықтың Түркияға паналауының салдарынан туған проблемаларды еске салған Эрдоған аймақтағы мәселелерді шешуде Еуроодақтың белсенді шаралар алуы керектігін еске салды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар