Түркия жаңа өкілетті елшілерін тағайындады

Сыртқы істер министрлігі 2014 жылы жаз кезеңінің өкілетті елшілерін тағайындады

103678
Түркия жаңа өкілетті елшілерін тағайындады

Сыртқы істер министрлігінде 2014 жылы жаз кезеңінің өкілетті елшілері заңнамамен тағайындалды.
Аталмыш заңнамамен Әртүрлі қызметтерге тағайындалған 30 лауазымды арасында Сыртқы істер министрі Ахмет Давутоғлуның жұмыс тобындағы Селчук Үнал мен Ахмет Тута да орын алады.
Сыртқы істер министрі арнайы кеңесшісі Селчук Үнал Канадада Оттава өкілетті елшілігіне тағайындалса, 2 жылдан бері сыртқы істер министрлігі секретариатының директорлығын атқарған Ахмет Тута болса Хорватияда Загреб өкілетті елшілігіне тағайындалды.
Сыртқы істер министрлігінде Иракқа жауапты бас директор орынбасары Хакан Текин де Тегеранға барады.
Сирияда ең маңызды кезеңде қызмет еткен Түркияның соңғы Дамаск өкілетті елшісі Өмер Өнхон болса Мадридке тағайындалды.
Назар аударған тағы бір тұлға болса президент секретариатының директоры Осман Корай Эрташ.
Эрташ Бухарест өкілетті елшісі боп тағайындалды.
Мұның алдында министрлік кадрларынан тыс Кенан Гүрсой тағайындалған Ватикан өкілетті елшілігіне де, Дін істері басқармасының сыртқы қатынастарына жауапты төраға орынбасары Мехмет Пачаджы жіберіледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар