Террор ұйымы мүшесі 8 террорист түрік қарулы күштеріне берілді

Бас штаб басқармасы Шырнақ, Ван және Хаккариде 8 террористтің берілгенін мәлімдеді

95990
Террор ұйымы мүшесі 8 террорист түрік қарулы күштеріне берілді

Бас штаб басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда бөлшектеуші террор ұйымынан қашқан 5 адам Шырнактың Силопи ауданында қарусыз және құрал-жабдықсыз түрде қауіпсіздік күштеріне берілді.
Ванның Чалдыран ауданында да бөлшектеуші террор ұйымына мүше екі адам, қарусыз түрде 1-ші Шекара батальон қолбасшылығына келді.
Берілген террористтер 2014 жылы 6-8 маусым күндерінде Ағры қаласының Патнос ауданы Тепели ауылындағы бір той-думан кезінде террор ұйымына қосылғандарын айтты.
Хаккаридің Шемдинли ауданында болса бөлшектеуші террор ұйымына мүше бір адам 34-ші Шекара батальон қолбасшылығына берілді.
Қолындағы Калашников пен магазиндерін лауазымдыларға өткізді. Террорист сондай-ақ 1 ұшақ қағар қаруының жерінде айтып берді.
Террор ұйымының күштеп алып қашқаны атап көрсетілген террористтің, лаңкестік ұйымның жақында ауылдарға кіріп, халықты көтеріліске ынталандыратынын және әскери пункттерге баратын жолдарды жабуды жоспарлағаны жайлы ақпарат бергені білдірілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар