Түрік қарулы күштері нығаюда

«Атак» тікұшағы Құрлық күштері қолбасшылығына тапсырылды.

90227
Түрік қарулы күштері нығаюда

Үш жаңа тактика және барлау тікұшағы «Атак» Құрлық күштері қолбасшылығына тапсырылды.
Рәсімге президент Абдуллах Гүл, Мәжіліс төрағасы Жемил Чичек, премьер-министр Режеп Таип Ердоған мен Бас штабтың бастығы Неждет Өзел қатысты.
Лаңкестікке қарсы күресте қолданылатын Атак тікұшақтары түрлі әскери операцияға дайын түрде өндірілді. Т129-Атак күшейтілген моторымен қосымша жағармай алмастан 519 км ұшады. Тікұшаққа 500 снаряд, 16 лазерлі ракета, 8 дана алыс қашықтықты танк соғар ракета қондыруға болады.
Аталмыш тікұшақтар отандық коммуникация жүйесі және карта жүйесімен жабдықталды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар