Ердоған мен Путин телефонда әңгімелесті

Премьер-министр Ердоған Ресей президенті Путин Қырым татарларының жағдайын кеңесті.

78263
Ердоған мен Путин телефонда әңгімелесті


Премьер-министр Режеп Таип Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен телефонда сөйлесті.
Бас министрліктен жасалған мәлімдемеде екі басшының әңгімесінде екі жақтылы байланыстармен қоса, Украинада өткізілген президенттік сайлауды қамтыған халықаралық мәселелерге байланысты көзқарас алмастырғандары білдірілді.
Премьер-министр Ердоғанның Украинада өткізілген президенттік сайлау нәтижесіне құрмет көрсетудің, мәселелердің диалог жолымен шешімін табуының маңыздылығына назар аударғаны хабарланды.
Қырым автономиялық аймағында тұратын Қырым татарларының құқық пен қақтарын қорғаудың Түркия үшін өте маңызды екенін жеткізген Ердоған Қырым татарларының құқық пен мәртебелерінің Қырым Татар Ұлттық Мәжілісін қамтыған бір кездесу процесі арқылы қолға алынуы керектігін баса дәріптеді.
Премьер-министр Ердоған Қырым татарларының лидері Мұстафа Абдулжемил Қырымоғлұна жасалған шектемелердің жойылуы және Қырым Татар Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Рыфат Чубаровпен кездесу өткізілуінің маңызды бір қадам болатынын атап айтты.
Ердоған мен Путиннің екі ел арасындағы ынтымақтастықтың стратегиялық маңыздылығына да тоқталып, энергия саласындағы ортақ жобаларды қамтыған сауда және экономикалық тақырыптарда жасалған келісімдердің атқарылуының өте маңызды екенін атап көрсеткендері де білдірілді.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар