«Салқын соғыс кезеңіне қайта оралмау керек»

Министр Давутоғлу орыс әріптесімен кездесті

75454
«Салқын соғыс кезеңіне қайта оралмау керек»

Сыртқы істер министрі Ахмет Давутоғлу Ресеймен өткізілген Ортақ стратегиялық жоспарлау тобының 4-ші жиналысы үшін кеше Мәскеуге барды.
Жиналыстың артынан Давутоғлу мен орыс әріптесі Сергей Лавров ортақ баспасөз жиналысы өткізді.
Давутоғлу Украина мен Сирия тақырыптарында көзқарас айырмашылықтарының Ресеймен ортақ жұмыстануға кедергі емес екенін айтты.
Ахмет Давутоғлу Түркияның Ресейдің Орташығыс және Еуразия аймағында маңызды бір актер ретінде тұрақтылыққа үлкен үлес қоса алатынына сенгенін және бұл аяда да ынтымақтастықты жалғастырғанын атап көрсетті.
Министр Давутоғлу «салқын соғыс» күндеріне қайта оралмау керектігін жеткізді.
Украина дағдарысымен басталған кезеңде осы аймақта салқын соғыс түсінігін қайта әкелуді ешкімнің күтпеу керектігін атап айтқан Давутоғлу салқын соғыс түсінігінің қазірге дейін бірге орнатылған қауіпсіздік механизмдерін бұзатынын, сондай-ақ енді тоқталған дағдарысты қайта қозғайтынын мәлімдеді.
Қырым татарларының жағдайына да тоқталған Давутоғлу Қырымдағы бейбіт тұғырдың аса маңызды екенін айтты.
Давутоғлу «Қырым татарлары сол жерлердің жергілікті халқы, олардың сол жердегі тыныштығы аса маңызды» деді.
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров болса Түркия-Ресей ынтымақтастығының басқа барлық мемлекеттер үшін үлгі екенін атап көрсетті.
Лавров «Біз Украина мен Сирияны сөзбен емес, жетік түрде өзара түсінісу аясында бағаландыра алармыз. Түрік-орыс ынтымақтастығының ерекшелігі де осы» деді.
Ресейдің Қырым татарлары тақырыбында нақты қадамдар басып, шаралар қабылдағанын атап көрсеткен Лавров Қырым татар мәжілісі мен басқа да мекемелермен диалогтарын жалғастыратынын атап айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар