«Демократияға ең қысқа мерзімде оралуын күтеміз»

Түркия Тайландтағы төңкеріспен байланысты мәлімдеме жасады

73069
«Демократияға ең қысқа мерзімде оралуын күтеміз»

Түркия Тайландта армияның билікке келуімен байланысты үкіметтердің демократиядан тыс әдістермен міндеттен алуларға принципті түрде қарсы екенін білдірді.
Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде үздіксіз бір демократияға қайта оралудың күтілгеніне назар аударылды.
Мәлімдемеде «Түркия қай мемлекетте болса да, халықтың дауысымен қызметке келген үкіметтердің демократиядан тыс әдістермен міндеттен босатуына принципті түрде қарсы. Тайландта Қарулы күштердің билікті күштеп алып, Атазаңды тоқтатқаны жайлы мәлімдемесін де осы аяда уайыммен қарсы алдық. Жақын достық пен ынтымақтастық қарым-қатынастарымыз бар Тайландта тоқтаған демократияға ең қысқа уақытта қайта оралуын күтеміз» делінді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар