Ахмет Давутоғлу Қытайға барады

Қытайда AİGK/CICA-ның төртінші үкімет басшылары саммиті өтеді

69932
Ахмет Давутоғлу Қытайға барады

Сыртқы істер министрі Ахмет Давутоғлу Азияда Ынтымақтастық пен Сенім арттыру тәсілдері конференциясы - AİGK/CICA-ның төртінші мемлекет пен үкімет басшылары саммитінде Түркия атына қатысу үшін бүгін Қытайға барады.
Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде жиынның 20-21 мамыр арасында өтетіні білдірілді.
Түркия 2010 жылының маусым айында Ыстанбұлда өткен AİGK/CICA-ның үшінші саммитінде екі жылдық кезекті төрағалықты қабылдап алған болатын. Түркияның кезекті төрағалығы мүше елдер тарапынан тағы екі жылға ұзартылған болатын.
Түркия 26 мүше мемлекет, 7 бақылаушы мемлекет пен 4 бақылаушы халықаралық ұйымнан тұратын AİGK/CICA-да төрт жылдан бері жүргізіп келе жатқан кезекті төрағалығын Қытайға тапсырады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар