Сомадағы кен апаты Түркияға қайғыдан қан жұттырды

Мемлекеттің басшылары бағдарламаларын ауыстырды.

67604
Сомадағы кен апаты Түркияға қайғыдан қан жұттырды

Елбасы Абдуллах Гүл ертең басталатын 6 күндік Қытай Халық Республикасына сапарын кейінге қалдырды.
Елбасы ертең Сомаға барады.
Албания сапарын кейінге қалдырып, Сомаға кеткен премьер-министр Режеп Таип Ердоған Малатия және Стамбулдағы бағдарламаларына да бара алмайды.
Жоспарларын кейінге қалдырған Республика Халық Партиясы төрағасы Кемал Кылычдароғлу да Сомаға барады.
Қылычдароғлу ертеңге Ұлыбритания сапарын да кейінге қалдырды.
Ұлтшыл Қозғалыс партиясы төрағасы Девлет Бахчелінің де Сомаға баратыны хабарланды.
Түркияға қан жұттырған апаттан кейін 19 мамыр Жастар және спорт мерекесі де тойланбайды.
ТРТ корпорациясы да трагедияға байланысты эфирлерін өзгертуге шешім қабылдады.
6-шы Отбасы кеңесі жиналысына қатысатындары жарияланған Түркия мәжілісі төрағасы Жемил Чичек пен Отбасы және әлеуметтік саясаттар министрі Айшенұр Ислам да жиналысқа қатыспады.
Қатынас және теңізшілік, коммуникация министрі Лүтфү Элван марапат бағдарламасына қатыспайды.
Анкарадағы Израиль өкілетті елшілі де бүгін кешкісін жоспарланған Тәуелсіздік күні қонағасын өткізбейтінін білдірді.
Сонымен бірге Түркияның барлық жеріндегі мешіттерде түскі мезгілде Сомада қаза тапқандар үшін азан оқытылады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар