Албания сапары кейінге қалдырылды

Премьер-министр Ердоған бүгін апат болған аймаққа барады.

67302
Албания сапары кейінге қалдырылды

Албания сапары кейінге қалдырылды
Премьер-министр Режеп Таип Ердоған Манисаның Сома ауданында болған қайғылы апат себебімен Албанияға сапарын кейінге қалдырды.
Премьер-министрліктің мәлімдемесінде, «Премьер-министр Ердоған Албания премьер-министрі Эди Рамамен телефон арқылы сөйлесіп, Түркия мен Албания арасында Стратегиялық серіктестік және жоғары деңгейдегі ынтымақтастық кеңесі құрылуына байланысты ортақ декларацияға қол қою мақсатымен Тиранаға жоспарланған сапарының кейінге қалдырудың орынды болатынын жеткізді» деп айтылды.
Албания премьер-министрі Рама да Сомадағы апатқа орай қайғырғанын білдіріп, қайтыс болғандардың жақын-туыстарына көңіл айтты. Жарақат алған кеншілерге шипа тіледі.
Премьер-министр Ердоған бүгін апат болған аймаққа барады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар