"Кавказды ынтымақтастық аймағына айналдырдық"

Елбасы Абдуллах Гүл үштік саммитке қатысты.

62953
"Кавказды ынтымақтастық аймағына айналдырдық"

Елбасы Абдуллах Гүл «Кавказдың биік тауларын «қабырға» болудан шығардық, бір қақпа, ынтымақтастық алаңына айналдырдық» деді.
Абдуллах Гүл Тбилисидегі Түркия-Грузия-Әзірбайжан үштік саммитінің ашылуында сөйлеген сөзінде үш ел арасында тығыз ынтымақтастық бар екенін айтты.
Президенттер ретінде 2007 жылы Баку-Тбилиси-Карс теміржолының іргетасын қалау рәсімінде бас қосқандарын еске салған түрік басшы Түркия, Әзірбайжан және Грузияның аймақтық және жаһандық көлемді ірі жобалар атқарғанын атап көрсетті.
Оның айтуынша аталмыш үш ел Кавказдың тұрақтылық және молшылығына үлкен үлес қосты.
Әзірбайжан президенті Илхам Алиев те Түркия-Әзірбайжан-Грузия арасында жүзеге асқан үштік саммиттің аймақ және әлем тұрғысынан маңызы зор екенін айтты. Алиев «Себебі біз ынтымақтастығымыздың негізінде ортақ мүдделер жатыр. Бұлар сонымен бірге тек аймақтық емес, жаһандық мүдделер» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар