Түркия және әлем тынысы-149

2015 жылы 1 қараша күнгі депутаттық сайлау

363904
Түркия және әлем тынысы-149

2015 жылы 1 қараша күнгіТүркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі депутаттары сайлауы Түркия саяси тарихына алтын әріппен жазылатын бір нәтиже болып саналады. Бұның екі басты себебі бар: Біріншісі, 7 маусым сайлауы нәтижесі бойынша жаңа бір үкімет құрыла алмағандықтан 1 қарашада қайтадан сайлау өткізілді. Осылайша 92 жылдық Түркия Республикасы тарихында алғаш рет бір жыл ішінде екі мәрте сайлау болып өтті. Екіншісі, 1 қараша сайлау нәтижелерінің 7 маусым сайлау нәтижелерімен салыстырғанда күтілмеген бір нәтиже шықты. Бұқаралық сауалнама фирмаларының ешбірі 13 жылдан бері билік басында болған Әділет және даму партиясының даусының 7 маусымда 40,8 пайыздан 1 қарашада 49,4 пайызға көтерілгенін, сондай-ақ оппозиция партиялар Ұлтшыл қозғалыс партиясының 16,33 пайыздан 11,9 пайызға және Халықтың демократия партиясының 13,7 пайыздан 10,6 пайызға түсетінін дұрыс межелей алмады. Осы бойынша депутаттар тұрғысынан Әділет және даму партиясы 258-ден 317-ге және Республика халық партиясы 132-ден 134-ке көбейген кезде, Ұлтшыл қозғалыс партиясы 80-нен 40-қа, Халықтың демократия партиясы 80-нен 59-ға төмендеді. Ең жақын жорамал жүргізген бір фирма тысында барлық бұқаралық сауалнама фирмалары жорамалдарының барлығы қате шықты. Ұлыбританиядағы соңғы парламент сайлауында болғандай Түркия сайлау нәтижелері жөнінде жасалған жорамалдағы жаңылу өте үлкен әрі талқылауға татитын бір тақырып болып табылады.
Қазір Түркия жөнінен алғанда дау-дамай болған тақырыптар төмендегідей: Бұдан кейін Түркия саясаты қалай белгіленеді?
Осы туралы Мармара Университеті Саясаттану және Халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы Проф. Рамазан Гөзеннің анализін ұсынамыз.


Бірінші мәселе Түркия саясатының жүйесімен байланысты бір жағдай. 1 қараша сайлау нәтижелері 13 жылдан бері билік басында болған Әділет және даму партиясы 7 маусымдағы қысқа сүрінуден кейін қайтадан орнынан тік тұрды. Мамандардың көзқарастарына қарағанда сайлаудың дара жеңімпазы болған Әділет және даму партиясы табысты сайлау перформансын 12-ші рет жалғастырды. Әділет және даму партиясы 2002 жылы 3 қараша күнінен осы таңға дейін жиыны 12 сайлаудың 11-інен де жеңіп шықты. Түркия тарихында ешқашан кездеспеген осы сайлау перформансы Әділет және даму партиясының Түркия саясатының орталығында бекімді түрде орын алғанын көрсетуде. Ең маңыздысы 7 маусым күні дара өзі үкімет құру санына қол жеткізе алмаған Әділет және даму партиясының бес ай сынды қысқа уақыт ішінде дауыстарын 25 пайызға арттыруы.
1 қараша сайлаудың басқа маңызды жағы да 3 оппозиция партиясының әрі жалпы алғанда, әрі 7 маусыммен салыстырғанда табысты бір нәтижеге жете алмауы. Басты оппозиция партиясы Республика Халық партиясы алдыңғы дауыс деңгейін қорғаса, Ұлтшыл қозғалыс партиясы мен Халықтың демократия партиясы күтілмеген түрде көптеген дауысынан айрылып қалды. Ең қызықты түйін Халықтың демократия партиясы тұңғыш рет Мәжілісте депутаттық саны бойынша 3-ші орынға көтерілген кезде Ұлтшыл қозғалыс партиясы 4-шы орынға төмендеді. Осы нәтижелер 1 қараша сайлауы нәтижесінде нәсілшіл идеологияға негізделген партиялардың дауыс жоғалтып алғанын паш етуде. Бұл жағдай Түркияның соңғы жылдарда байқалған ұшқары жаққа бет алу бейімдеулерінің азайғанын көрсетуде.
Әрине, сайлау нәтижелерінің ара жіктерінің мұндай алшақ болуының себептері бар. Әділет және даму партиясы дауыстары қалайша мұнша тез көбейді? Ал әсіресе Ұлтшыл қозғалыс партиясы мен Халықтың демократия партиясының дауыстары неге мұнша тез азайды? Бұның себептерін 7 маусымнан бұрынғы кезеңге қарап түсіндіруге болады. 7 маусым сайлауынан бұрын Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі сайлауларында, яғни 2011 жылы 12 маусым сайлауында Әділет және даму партиясы 49,83 пайыз дауысқа ие еді. Осы тұрғыдан алғанда Әділет және даму партиясы 2011 жылғы дауыс деңгейін қорғады. Осы жағдайда бұл партияның 2015 жылы 7 маусымдағы құлдыраудан кейін 1 қарашада қалай бұрынғы қалыпқа оралғанын тексеруге болады. Осы тақырып көптеген себепті жарыққа шығарумен қатар ең маңызды себептің Әділет және даму партия лидерлерінің керемет жұмыс істегенін айтуға болады. Басқа бір сөзбен айтқанда Әділет және даму партиясының 7 маусымдағы құлдырауды тосу үшін өздерін жаңалау шешімі ықпалды болды. Сонымен қатар 7 маусымнан кейін террормен күресуде жүргізген табанды саясаты, депутаттар тізімдеріндегі әдістемелері, Әділет және даму партиясының үш кезекті тәжірибелері, мықты депутаттардың қайтадан үміткер болуы және оппозиция партиялардың нашарлығының да ықпалды болғанын тілге тиек етуге болады.
Республика Халық партиясы болса дауыс деңгейі тұрғысынан алғанда тұрақты бір перформанс көрсетумен қатар билік басына келетіндей табысты емес. Бұл жерде Түркия социологиясы, тарихы және саясаты сынды терең себептермен бірге Республика Халық партиясының сайлау перформансының сайлаушыларды баурай алмауы жатыр. Ұлтшыл қозғалыс партиясы және Халықтың демократия партиясының дауыстарын азайтуының ең басты себебінің болса, осы екі партияның террор мәселесінде ықпалды бір саясат жүргізе алмауында.
Ендігі тақырып жаңа кезеңде Әділет және даму партиясының Түркия саясатын қалай белгілеуі болып табылады. Осы тақырыпта төрт жүйелік мәселеге бағытталған қадамдарға байланысты екенін айтуға болады. Біріншісі, Жаңа атазаңның жасалуы. Екіншісі, экономиканың орта кіріс тұзағынан құтылуы. Үшіншісі, Күрд немесе террор мәселесінің шешілуі. Төртіншісі, Сирия және басқа сыртқы саясат мәселелерінде қалай қадамның басылуына, оппозиция партиялардың сайлау нәтижелеріне және негізгі мәселелерге қалай наразылық көрсетілуіне қарай белгіленеді.



Ұқсас жаңалықтар