Түркия және әлем тынысы-143

Әлем күн тәртібіндегі Сирия мәселесі

353237
Түркия және әлем тынысы-143

Соңғы күндерде газеттерде шыққан хабарларда АҚШ пен Ресейдің Сирия тақырыбында үлкен келіспеушілікте болғаны байқалуда. Ресей Сирия режиміне әскери жәрдемін арттыра бастады. Тартус кемежайына қосымша жаңа бір әскери әуежайын салуда. Әскери жабдықтар беруде және ақылшы ретінде әскери қызметкер жіберуде. Ең маңыздысы Путин, Лавров және басқа да орыс лауазымдар Ресейдің Асадқа жалғасты қолдау беретінін жариялауда. Осыған қарата Обама Ресейдің істерінің қауіпті екенін, бұл әрекеттердің дағдарысты өрбітетінін және болымсыз нәтижеге апарып соғатынын алға тартуда. Осы барыста Обаманың да Асад режимін құлату үшін оппозиционерлерге әскери жаттығу және әскери жабдықтар жөнінде қолдау бергенін еске салған жөн. Бір неше хабардың өзі АҚШ пен Ресейдің Сирия тақырыбындағы кірбеңдікті көрсетуде. Бұл кірбеңдік әрине жаңа емес. Уақыт өткен сайын Сирия дағдарысының да жалғасатыны баршаға аян.
Осы туралы Мармара Университеті Саясаттану және Халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы Проф. Рамазан Гөзеннің анализін ұсынамыз.

2011 жылы басталған және барған сайын шиеленіскен Сирия ішкі соғысы былай қарағанда халықаралық және аймақтық бір мәселе сынды байқалса да әслінде жаһандық саяси бір мәселе болып табылады. Ішкі соғыс алғашқы сатыда Асад режимі мен оппозиционерлер арасында басталған. Одан кейін аймақтық елдердің, яғни бір жағында Сауд Арабиясы, Түркия және Катардың, енді бір жағында Иран, Ирак және Хизбуллахтың қатысуымен кеңейді. Алайда үлкен суретке қарайтын болсақ, мұнда әлемнің алпауыт күштері, әсіресе АҚШ пен Ресей бар. Әрине, Ұлыбритания, Франция, Қытай сынды Біріккен Ұлттар ұйымы күштерінің рөлдері де маңызды. Іс жүзінде атқаруға қарағанда АҚШ пен Ресейдің басынан бастап басты рөл ойнағандарын көрудеміз.
Әлемнің алпауыт күші болған осы екі ел мәселенің шешімінде бекімді бір саясат ұстанбады. АҚШ пен Ресей кейде тікелей түрде, кейде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін құлыптау арқылы шешімге кедергі жасады. АҚШ және одақтастары әскери оппозиционерлерді қаруландыра отырып қолдау көрсетсе, Ресей және одақтасы Иран да Асадты әскери, қаржы және саяси жақтан қолдады. Өзара қолдау арқылы тараптардың бірінің басқа біреуін жеңуіне тосқауыл болды. Осылайша тепе-теңдік соғысы барған сайын ушықты. Осы жағдайлардың кесірінен қалалар күйреді, мыңдаған адам қаза тапты және миллиондаған келімсек пайда болды. Енді бір жағынан АҚШ пен Ресей, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде мәселенің шешімі жөнінде ешбір жобаны қабылдамады. Осының салдарынан халықаралық ұйым Сирияға қарата ықпалды бір саясат ұстана алмады, соғысты тоқта алмады.
АҚШ-Ресей шиеленісі Сирияда ішкі соғысты қалай өрбітсе, осы соғысқа шешім табу да екі елдің жасайтын келісіміне байланысты. АҚШ пен Ресейдің басқа 5+1 елдерімен бірге осы сұраққа бір шешім табулары Сирия тақырыбында үміт туғызады. Күтілген жағдай 5+1 елдің Сирия үшін де бір келісім орнатуы болып табылады. Екіншісі, Путин мен Обаманың мәлімдемелерінің сөйлем арасындағы жолдамалар. Мысалы, Путиннің «Асадтың альтернативі жоқ» сөзінің астарында «Егер Асадтың орнына балама бір әкімшілік құрыла алса, онда Асадсыз бір Сирияны құруға болады» деген жолдама жатыр. Үшіншісі, АҚШ пен Ресейдің ДАИШ және басқа террор ұйымдарына қарсы ынтымақтастық ішінде болуы. Осыдан АҚШ пен Ресей ДАИШ террор ұйымына қарсы құрылатын Асадсыз жаңа бір Сирия әкімшілігін қабылдауға болады деген мағынаны түсінеміз. Бұның жолы да Асад және оны қолдаған елдердің ДАИШ-ті қақпайлап, күшті бір альтернатив ұсынуға болады. Осы процесте байсалды оппозиция мен Асадқа қарсы елдердің ДАИШ-сіз бір әкімшілік құруы керек.
Осы міндет АҚШ пен Ресей тысындағы елдерге жүктелуде. Алдымен аймақтағы елдердің Германия, Франция және Қытай сынды ықпалды елдермен ынтымақтастық жасаулары керек. Осы жөнінде ишараттар да жоқ емес. Мысалы, Германия мен Қытайдың шешім жөнінде талпыныстарының болғаны, БҰҰ Сирия арнайы өкілі Стаффан де Мистураның барлық тараптармен бейбітшілік жөнінде кездесулер өткізгені баршаға аян. Ең маңыздысы де Мистураның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне ұсынған бейбітшілік жоспарының 17 тамыз күні бір ауыздан қабылдануы.
Қорыта айтқанда, Сирия ішкі соғыс көрінісінен жарыққа мынадай нәтиже шығуда. Сирия мәселесінің тұңғиыққа тірелуінде АҚШ пен Ресей шиеленісі белгілеуші рөл ойнауда. Мәселенің шешімі алдымен осы елдердің Иран келісімі сынды бір ымыраласуға байланысты. Алайда осы процестегі басқа актердің ықпалына немқұрайды қарауға болмайды. Осы актерлердің ортаға қоятын формуласы Асадсыз бір Сирияның құрылуына мүмкіндік жаратады. Егер бұл табысты бола алмаса , онда өкінішке орай Асад әкімшілігі ішкі соғысты жалғастырады.



Ұқсас жаңалықтар