Түркия және әлем тынысы-136

Түркия мен Қытай қарым-қатынасы

318757
Түркия және әлем тынысы-136

Президент Режеп Тайып Ердоған бірталай жылдан кейін Қытайды зиярат етті. Қарбалас бағдарлама мен көп мазмұнды зиярат кенеттен жүзеге асырылды. Түркияның маңайын от қоршаған бір кезеңде Түркия-Қытай диалогы қызықты жаңғырықтар жаратты. Осы жаңғырықтың басты себебі бір әлем күші болған Қытайдың Түркияның да орын алған халықаралық қарым-қатынастардың дамуларында ойнаған басты рөлі болып табылады.
Қытай халықаралық жүйенің ең сырлы және соншама дау-дамай актерлердің басынды орын алуда. Қытайдың мықты күш екені және әлем саясатында ықпалды болғаны халықаралық деңгейде дау-дамай болуда. Бұлардың ішіндегі ең бастысы Қытайдың экономикалық күші мен сыртқы саясаты. Қытай коммунизм мемлекет үлгісі мен капитализм экономикасы үлгісін бірлестірген бір экономикалық саясат жүйесіне ие. Әлемнің ең көп адам саны және географиясы, орталыққа қарасты мемлекет жүйесі, жан-жақты стратегиялық орны, ең үлкен экономикалық күштер арасында және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің вето мүшесі болу ерекшеліктері оны әлемнің мықты актері қылуда. Мысалы осы үлгі капитализм мен Марксизм мемлекет біте қайнасқан бір ел ретінде кең байтақ географиясы мен жаһандық бір экономиканы ішіне қамтыған.
Қытай әлем саясатында бір күш пе? Әлде бір қауіп пе деген сұрақ осыдан туындауда. Қысқаша айтқанда Қытайдың «Бір алпауыт па ? әлде кішкене ел ме» деген сұрақ алдымызға шығуда. Мысалы Қытай қалың адам саны, керемет экономикасы, үлкен елі және БҰҰ-на деген ықпалымен қатар көп ұлты, адам құқықтары, әскери күші, экономикалық тұрақсыздығы жағынан да кемшілігі бар. Осы кемшіліктер Қытайдың керемет жүйесіне ықпалын тигізуде.


Қытайдың аймақтық күш болған Түркиямен қарым-қатынастарының ерекшелігінің не болғаны және қалай дамитыны маңызды бір жағдай болып табылады. Түркия Батыс және НАО жүйесі ішінде орын алған әлемнің 17-ші экономикасына ие, сондай-ақ Еуразия геосаяси, гео мәдени және гео экономикасы жағынан күшті бір ел. Осыған қарамастан Түркия-Қытай қарым-қатынастары, Түркияның ішкі және сыртқы саясатының басты күн тәртіп ішінде орын алмайды. Түркияның Қытаймен қазіргі сауда, экономика, әскери саясат, әлеуметтік және туризм қарым-қатынастары, осы екі актердің потенциалына үйлесімді деңгейде емес.
Соңғы жылдарда Түркия-Қытай қарым-қатынастары қаншама дамығанымен екі елдің потенциалына әлі де жеткен жоқ. Соңғы 10 жылда сауда байланыстары 2 миллиард доллардан 30 миллиард долларға көтерілуі, Түркияның Қытайдан әскери зымыран жүйесін алу талпынысы, Түркияда Қытайлық турист санының 80 пайыз артумен 150 мыңнан асуы сынды жаңалықтар өте керемет жағдай. Алайда осы көрініс Түркия-Қытай қарым-қатынастарының потенциалын көрсетпейді. Сондықтан әлемнің ең күшті экономикасы арасында алғашқы 20 ішінде орын алған Түркия мен Қытайдың тіпті көп экономикалық қарым-қатынастарын дамытуы, өзара инвестицияны арттыруы, әлеуметтік, мәдени, туризм, білім беру қарым-қатынастарының күшейтілуі керек.
Әслінде Түркия тарапында осы бағытта артқан талпыныс болғаны байқалуда. Президент Ердоғанның сапары осы талпыныстың маңызды бір дәлелі болып табылады. Енді бір жағынан билік басындағы Әділет және даму партиясының және оппозициядағы Республикашыл Халық Партиясының Қытаймен қарым-қатынастарды дамытуы жөнінде ынталы екенін айтуға болады. Билік басындағы Әділет және даму партиясы үкіметінің 13 жылдық талпыныстарымен қатар Республикашыл Халық Партиясының «Орталық ел Түркия» жобасы да үлкен жағынан Қытаймен байланыстарды дамытуға бағытталған. Сондықтан үкімет және оппозиция болып Түркияда Қытаймен кең көлемді байланыстырдың дамуы жөніндегі талаптар өте басым.
Түркия-Қытай қарым-қатынастарының осы потенциалының жүзеге асырылуы үшін тек ұғым пен талап жеткілікті емес. Сонымен қатар ортақ мәселенің де доғарылуы керек. Бұлардың басынды Қытайда өмір сүрген ұйғыр және басқа мұсылман азаматтарының діни және адам құқықтарының қорғалуы және дамытылуы шарт. Қытай әкімшілігінің осы тақырыпта сезгір екенінің білінуі және адам еркіндігі тақырыбында кепілдік берілуіне қарамастан анда-санда жарыққа шыққан саяси және әскери олқылықтардан аулақ болуы зәру. Әрине, енді бір жағынан Түркияның және дүнган мұсылман азаматтарының да қазіргі мәселелері тек Қытай әкімшілігімен диалог құра отырып шешуі күтілуде. Екі елдің осы тақырыпта провокацияларға қарсы абай болуы да керек.


Қытай-Түркия қарым-қатынастарының дамуы тұрғысынан алғанда басқа бір түйін бар. Ол түйін халықаралық мәселелер тақырыбында Түркия мен Қытай арасындағы көзқарас айырмашылығы. Мысалы, Сирия ішкі соғысына шешім табу жөнінде екі елдің сыртқы саясатының ұқсамастығы, бір дау-дамай қайнары болмаса да болымсыз бір ұғым қалыптасуда.


Қорыта айтқанда Түркия және Қытай ішкі жандылығы және халықаралық орындары бір-біріне жақындасу потенциалы өте жоғары екі актер. Осы тұрғыдан өзара ынта мен талпыныстың бар екенін да баршаға аян. Осы түйінде маңызды болған әрі осы потенциалды жүзеге асыру, әрі де осы потенциал алдындағы кедергілерді доғару. Күшті бір Қытай-Түркия ынтымақтастығы мемлекеттік, аймақтық және жаһандық жүйеде түбегейлі бетбұрыстарға себеп бола алады.



Ұқсас жаңалықтар