Түркия және әлем тынысы-129

Ел ішінде бейбітшілік, барша әлемде бейбітшілік.

310224
Түркия және әлем тынысы-129

Әр елде болғандай Түркияның ішкі және сыртқы саясаттары да кейбір принцип және құндылықтар негізінде қалыптасып дамыды. Түркия Республикасының құрылуынан бастап қаланған принциптерінің басында «Ел ішінде бейбітшілік, барша әлемде бейбітшілік» принцибі орын алуда. Ататүріктің мәтелі ретінде жарыққа шыққан «Ел ішінде бейбітшілік, барша әлемде бейбітшілік» Түркия саясатының ең маңызды жол сілтеушісі болып келді. Түркия-шарасыз қалмаған жағдайда ешқашан соғыспайтын және соғысты жақтамайтын ел. Бұл ел әрқашан тұрақтылық пен тыныштықты жақтап келген. Басқа сөзбен айтқанда Түркияның негізгі саяси перспективасы ішкі және сыртқы мәселелерін алдымен бейбіт жолмен шешу болып табылады. Шындығында Түркияның тарихына көз жіберілгенде, жалпы принцибіне қайшы әрекет еткен жағдайды кездестіре алмайсыз. Түркия-тарих бойынша ешқандай бір елге соғыс жарияламаған және ресми түрде соғыс жақтаушысы болмаған ел.
Осы пайымдауға қарсы әсіресе Түркияның Корея соғысына әскер жіберуін, Кипр әскери операциясын, Сирия саясатын және ПКК-мен күрес алдыға көлденең тартылуы мүмкін. Мөлшермен жүз жылдық тарихта осындай мысалдың аз болғанын былай қойғанда осы мысалдардың ешқашан жалпы принципке қайшы емес екені байқалуда. Түркияның Корея соғысына қатысуы, Кипр операциясы, Сирия мәлесесі, ПКК-мен әскери күрес сынды мәселелер «Ел ішінде бейбітшілік, барша әлемде бейбітшілік» принцибіне дөп келмейді.

Бұл туралы Мармара Университеті Саясаттану және Халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы Проф. Рамазан Гөзеннің анализін ұсынамыз.
Мысалы Түркияның 1951 жылы Корея соғысында орын алуы бір соғыс жариялау емес, Біріккен Ұлттар Ұйымының 1950 жылы 3 қараша күнгі 337 нөмірлі «Бейбітшілік үшін одақ шешімінің» атқарылуына қатысу мақсатымен болған жағдай. Түркия осы соғыста АҚШ және НАТО одақтастарын таңдаған және осылайша Кеңестер Одағы мен Қытайға қарсы тұғыр көрсеткен еді. Алайда осы тұғыр себепті Түркияның осы елдердің бірімен тікелей соғысты деп атуға болмайды. Екіншісі, Түркияның 1974 жылғы Кипр әскери операциясы әрі Понти әкімшілігіне, әрі оны қолдаған Грекияға қарсы бір соғыс болатын.Осы операцияның жалғыз ғана мақсаты бар еді. Понти әкімшілігі қысымы астында қалған және шабуылға ұшыраған Кипр түріктерінің амандығын сақтау. Түркия осы әскери операцияны 1960 Лозанна келісіміне сәйкес кепілдік ел жауапкершілігімен жүзеге асырды. Үшіншісі, Түркияның ПКК-мен күрес болса ұйымның террор әрекетін тоқтату үшін жасалды. Күрестің әдістемесе жағынан алғанда ел ішінде және шетелде түрлі көзқарас пайда болса да осы күрестің бір террормен күрес екенін барша қабылдауда. Сондықтан ПКК-мен күресу ресми бір соғыс емес, террорды доғау үшін жасалған стратегия. Соңында осы стратегия өзгерген және шешім процесіне айналған.
Бәлки барлық мысалдар ішінде бейбітшіл сыртқы саясат принцибі көлемінде ең дау-дамай болған мәселе- Түркияның Сирия саясаты. Түркияның Башар Асадтың құлатылуын қалаған сириялық оппозицияларға қолдау саясаты Түркия Сириямен соғысып жатқандай бір көрініс беруде. Осы тұғырды растайтын кейбір оқиғалар себепті Түркияның соғысушы бір саясат ұстанғаны пайымдауы мүмкін.
Бірақ осы пайымдаулар дұрыс емес. Мысалы, Түркия Сириямен ресми түрде соғысқан жоқ. Сирияға қарсы соғыс жариялаған да жоқ. Түркияның Сирия саясатының түпкі негізінде адамдарды өлтірген Асадқа қарсы тұғыр көрсету. Осы мақсатпен Асад әкімшілігінің өзгеруін мақсат етуде. Осы саясаттың шегі дау-дамай болғанымен Түркияның ресми түрде Сирияға қарсы бір соғыста екенін алға тарту дұрыс емес.
Жоғарыдағы бірнеше мысал тысында Түркия Республикасы тарихына қарайтын болсақ түрік сыртқы саясатының бейбітшіл тұғырда екені туралы мысал өте көп. Османлыдан кейін көптеген территорияларынан айрылса да Түркия байсалды бір саясат ұстанды. Мосул, Керкүк, Батыс Фракия сынды қалалар егемендік тысында қалуына қарамастан Түркия осы территорияның құтқарылуы үшін бір саясат жүргізуде.
Түркия маңындағы барлық аймақтарда, Балкан, Орташығыс, Кавказ және барша әлемде бейбіттің және тыныштықтың орнығуы үшін атсалысуда. Осы аяда Біріккен Ұлттар Ұйымы немесе басқа халықаралық ұйымның шешімдеріне қолдау көрсетуде. Түркияның Еуропа Одағына толық мүшелік талпынысы да бұны дәлелдеуде. Түркия бір Еуропа Одағы мүшесі ретінде барлық Еуропа елдерімен интеграция жасауда. Әсіресе Грекия, Кипр және басқа Еуропа елдерімен бейбіт ішінде өмір сүргісі келеді.



Ұқсас жаңалықтар