Мұсылман елдерде демократия

Мұсылман елдер арасында демократиялық тәжірибесі мол ел - Түркия.

302481
Мұсылман елдерде демократия

Мұсылман елдердің демократия өнегесі саналған Түркияда 7 маусым күні көп партиялық парламент сайлауы болып өтті. Халық санының 99 пайызы мұсылман болып табылатын түрік халқы тамыры 19-ғасыр Османлы кезеңіне барып тірелетін демократия тәжірибесіне ие. Түркияда үкіметтер халықтың таңдауы саналатын сайлау арқылы қалыптасып, өзгереді. Батыстық демократияда болғаны сынды сайлауға оннан көп түрлі көзқарастағы саяси партия жарысады, акциялар ұйымдастырады, медиа арналары арқылы үгіт жүргізеді, соңында сайлаушылардың көңілінен шыққан өкілдер әкімшілікке келеді.
Бұлар батыс елдері үшін қарапайым немесе маңызды емес істер секілді болуы мүмкін, алайда 1,5 миллиардтан астам халық саны бар мұсылман елдер үшін өте маңызды жетістік. Демократия мұсылман әлемнің көбінде орын алмайды. Түркияның демократиялық тәжірибесі ең көнесі және жетілгені деп айтуға болады.
Әрине, Түркияда да демократия мінсіз емес. Әскери төңкерістер 4 мәрте халық сайлаған парламент немесе үкіметтерді құлатты, орнына әскери биліктер, заңдар келді. Соңғы жылдарға дейін демократияның негізгі факторлары сөз бостандығы, адам құқықтары, азаматтық ұйымдардың істеріне кедергі келтірілді немесе шектелді. Алайда өткен он жыл ішіндегі төңкеріске ұқсас өзгерістер осы демократиялық проблемаларды азайтты. Мысалы 2014-2015 жылдары өткен үш сайлауда әскерлердің ешбір килігуі болмады, бір-біріне бәсекелес саяси партиялар сайлауда еркін жарысты, көзқарастарын медиада еркін жариялады. Осының нәтижесінде билікті халық өзі таңдады.
Мармара Университеті Саясаттану және халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы Проф. Рамазан Гөзеннің анализін ұсынамыз.
**
Негізінде көптеген Ислам елінде сайлау өткізіледі, сайлау арқылы парламенттер қалыптасады, үкіметтер құрылуда, тіпті көп партия жүйесі де бар. Мысалы Пәкістан, Индонезия, Иран, Малайзия, Бангладеш пен сол секілді бірқатар Ислам елінде демократияның мекемелері, қағидалары, үдерістер мен актерлері бар. Осы елдердің барлығына дерлігінде демократия ұғымы символикалық түрде болса да айтылады.
Алайда кейбір Ислам елдерінде болса демократиялық органдар мен қағидалар қалыптаспаған. Мысалы Парсы шығанағы елдері корольдықтар немесе шайхтар тарапынан басқарылуда. Басқарушыларды ешкім сайламайды. Осы елдердің өздеріне тән басқару жүйелері бар.
Осы мысалдар Ислам елдерінің түрлі деңгейде проблемалары бар екенін көрсетеді. Түрік демократиясы да көптеген елге қарағанда жақсы жағдайда, алайда іс жүзінде кейбір кемшіліктер бар. Мысалы Түркия мен Ислам елдері жайлы жазылған кітаптарда осы проблемалар айтылған. Осы проблемалардың бір тізімі жасалса, демократияның басты ерекшелігі саналатын мына тақырыптарда кемшіліктер бар екенін айтуға болады. Азаматтық әкімшілік, азаматтық ұйымдар мен олардың істері, сөз бостандығы, ғаламдық немесе заманауи атазаң, құқықтың үстемдігі, әділ немесе тең жарысу мүмкіндігі сынды. Мұсылман елдерде кездесетін демократия проблемаларының себептерін ішінара тарихи және саяси факторларда, ішінара Исламның өзгеше пайымдалуынан туындаған түсініктерден табуға болады.
Мұсылман елдерде демократия проблемасының бірінші себебі осы елдердің көбінде болған отарлау және империалист мұра. 20-ғасырдың басында батыс елдері құрған жүйелер көбіне авторитарлық, тоталитарлық және милитаристік ерекшелікте. Осы үдерісте құрылған жалғыз партия немесе жалғыз адам биліктері биліктің демократиялық жолмен өзгеруіне рұқсат етпейді. Бұларға мысал ретінде қазіргі Мысырды көрсетуге болады. Халықтың дауысымен сайланған Мұхаммед Мурси әкімшілігін әскери хунта төңкерді. Осында ең қызықтысы Сиси әкімшілігін батыс демократиялары еш сынамады, тіпті қалыпты деп қабылдады. Басқа да мысалдары бар осындай демократияға жатпайтын істер мұсылман елдердің демократияға өтуіне үлкен кедергі.
Екіншісі мұсылман елдерде демократия мен еркіндіктер тұрғысынан өте жағымсыз пайымдар мен түсініктер бар. Исламның басқаша пайымдалуынан туындаған осы түсініктер азаматтық қоғам, сөз бостандығы, атазаң, адам құқықтары сынды демократияның факторларына кедергі келтіреді немесе шектейді. Осы проблемаға бір мысал соңғы жылдары ортаға шыққан ДАИШ сынды ұйымдардың сөздерінде ашық көрінеді. Осындай сөздер мен көзқарастар салдарынан мұсылман елдерде демократия мәдениеті дамымай отыр немесе жетілмейді.
Түркияның басқа мұсылман елдерден негізгі айырмашылығы осында болар. Түркия 19-ғасыр Османлы кезінен бері атазаң, еркін сайлау, көпшіл саяси партиялар сынды мекемелерді өзімсініп, жетілдірді. Осында Түркияның осы ғасырдан бастап батысқа ашық ел болғанын атап өту керек. Сол секілді Түркияның Еуропа кеңесі, Еуроодақ және ішінара НАТО мүшеліктерінің демократия үшін өте маңызды болғанын да ұмытпау керек.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар