1980 жылғы төңкеріс және Кенан Эврен

1980 жылғы 12 қыркүйек әскери төңкерісімен Түркияда азаматтық билікті құлатқан, әскери жүйе құлатқан хунта басшысы Кенан Эврен 98 жасында қайтыс болды.

275942
1980 жылғы төңкеріс және Кенан Эврен

1980 жылғы 12 қыркүйек әскери төңкерісімен Түркияда азаматтық билікті құлатқан, әскери жүйе құрған хунта басшысы Кенан Эврен 98 жасында қайтыс болды. Кейбір халықаралық медиа органдары Эвренді Чилидің Пиночетіне ұқсатып еді. Эврен Түркияның соңғы 35 жылдық тарихына жағымсыз мұра қалдырды. Әскери төңкерістен кейін антидемократиялық жүйе құрды және өзі де жүйенің президенті болды. Эвреннің әскери төңкерісі тек сол кездің азаматтық үкіметін және парламентін қиратып қана қоймады, бүгін де көбі өтімді 1982 жылғы Атазаңның жазылуын қамдады. 1982 жылғы Атазаң азаматтық және демократиялық жүйені тастап, орнына қысымшыл, милитарист және тоталитарлық жүйе құрды. Еркіндіктерді шектеді. Мыңдаған адам өлім жазасын алды. Жәбірленді және сотталмастан түрмеде жатты. Эврен 3 жыл төңкерісті басқарды және 7 жыл президенттік міндеті барысында түрік ішкі және сыртқы саясатын өз еркіне қарай басқарды. Ішкі саясатта милитарист құрылымды заңды қылуға бағытталған саяси, діни және білім жүйесін жүзеге асыруға тырысты.
Бірақ Кенан Эврен ішкі және сыртқы саясатта ықпалды және табысты болды деп қиын. Мысалы 1983 және 1987 жылдардағы сайлауда ол қолдаған партиялар сәтсіз болды. Түркияның араб және Ислам елдерімен жақындасуын қаламаса да, бұған кедергі бола алмады. Бұлар Эвреннің әскери күшінің абсолюттік немесе шексіз еместігін көрсетеді.
Мармара Университеті Саясаттану және халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы профессор Рамазан Гөзеннің анализін ұсынамыз.
**
«Сондықтан Эврен төңкерісшіл билігін Түркияның ішкі және халықаралық шарттарды назарға алмасақ, түсіне алмаймыз. Тіпті Эврен және төңкерісінің Түркияның ішкі және халықаралық шарттарының бір нәтижесі екенін де елемей кетпеу керек. Төңкерістің сылтауы ретінде қабылданбауы керек осы шарттар Эврен мен хунтаға батылдық беріп, ынталандырды. Алдымен төңкерістен бұрынғы Түркиядағы қоғамдық жағдайы мен саяси дағдарыс төңкерістің себебі ретінде көрсетілді. Сол кездегі саяси партия мен басшыларының сәтсіздіктерін кешіруге болмайды. Ішкі саясат тұрғысынан ойлантатын жағдай – әскери төңкеріске қарсы азаматтық ұйымдар мен мекемелерден наразылық келмеуі. Сол кездегі экономика, медиа басшылары, өкілдері үнсіз қалды. Ең маңыздысы Эврен өзі жаздырған 1982 Атазаңы референдумда 92 пайыз дауыс алып, мақұлданды. Осы нәтиже әскери жүйенің халықтан заңдылық алғанын көрсетеді. Кейбір мамандар осы нәтиженің әскери қысыммен және Эвреннің қоғамға бағыт беруімен шыққанын жазды. Кейбірі де төңкерістен бұрынғы қақтығыс пен дағдарысты доғару үшін халықтың әскери төңкеріс пен атазаңға қолдау бергенін алға тартты. Екі көзқарас та дұрыс. Бұлар Эврен мен төңкерістің қоғамнан қолдау алғанын көрсетеді.
Эвреннің табысындағы басты фактор – халықаралық шарттар мен қолдаулар. 12 қыркүйек әскери төңкерісінің 1979 Иран төңкерісі, 1980 Кеңес Одағының Ауғанстанға басқыншылығы және 1980 Иран-Ирак соғысы кезіне дөп келгенін атап көрсету керек. Осы оқиғалар Түркияның да төңірегіндегі аймаққа әсер етті, тұрақсыздықтарды ортаға шығарды. Түркияның да сол кездегі ішкі қақтығыс мәселелері және дағдарысы себепті халықаралық тұрақсыздықтың шетінде тұрғанын қабылдауға болады. Түркияның НАТО-ға мүше екенін, капиталист жүйенің маңызды актері екенін және АҚШ-тың осы аймақтағы ең мықты одақтасы екенін де ескеру керек.
Эврен мен әскери төңкеріс билігінде халықаралық жүйедегі теңгерімдер де маңызды рол ойнады. Эврен мен хунтаның басқа басшылары әсіресе батыс әлемінен жағымды ұстаным көрді. Батыс әлемінің оларға реакциясы екі түлі болды деуге болады. ЕО мекемелері мен үкіметтік емес ұйымдар мен АҚШ-тағы адам құқықтары ұйымдары төңкерісті сынады, қаржылай және саяси әдістермен жазаландыруға тырысты. Мысалы Түркияның ЕО және Еуропа кеңесімен қатынастары уақытша тоқтатылды. ЕО мен АҚШ-тағы азаматтық ұйымдар Эврен мен төңкеріске қарсы шықты. Алайда басқа жағынан батыстық мемлекеттік жүйелері төңкеріске толық қасы шықпады. Алайда жай ескертіп қойды. Мысалы НАТО мен одақтас елдердің кейбірі Түркияға әскери көмек беруін жалғастырды, бірақ сонымен бірге демократияға оралуы үшін Эвренге қысым жасады.
Нәтижеде Эврен мен төңкерісін әрі орындалуы, әрі шегі тұрғысынан ұлттық және халықаралық шарттар елемей түсінуге болмайды. Алайда ешбір шарт Эвреннің Түркия тарихына берген қиратушы әсерін кешіру үшін жеткілікті емес. Эврен енді тарих беттерінде қалды, бірақ оның қайғылы мұрасы 33 жылдан бері жалғасып келеді. Енді кезекте 1982 жылғы Атазаңды қоқысқа лақтыру жатыр. Қазірге дейін бұны тындыра алмаған саясат қайраткерлері бұдан былай жүзеге асыра алады ма? Оны алдағы уақыт көрсетеді»

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар