Түркия және әлем тынысы-123

Солтүстік Кипр Түрік Республикасында президент сайлауы өтті.

267292
Түркия және әлем тынысы-123

Солтүстік Кипр Түрік Республикасында 2015 жылы 19-26 сәуір күндері аралығында жиыны 7 үміткер қатысқан президент сайлауы болып өтті. Бірінші турда ең көп дауыс алған Дервиш Ероғлұ мен Мұстафа Акынжы болды. Екінші турда Мұстафа Акынжы дауыстың 60,5 пайызын алып, Солтүстік Кипр Түрік Республикасының 7-ші президенті болып сайланды. Сайлау нәтижелері және сайлаудан кейінгі жағдайлар Солтүстік Кипр Түрік Республикасы және арал үшін жаңа бір кезеңнің басталғаны жөнінде ишарат берді. Алғашқы ишарат Акынжының саяси тәжірибесі мен ой-пікірі болса, екінші ишарат сайлау процесі және сайлаудан кейін жасалған мәлімдемелер. Акынжының талай жылдан бері төраға болған Әлеуметтік ұйым демократия партиясының саяси көзқарастарының дәстүрлі Солтүстік Кипр Түрік Республикасы лидерлігінен өзгешелігі екені байқалуда.
Әрине, Президент Акынжының өзіне тән көзқарастары мен жобалары бар. Осы көзқарастарын Солтүстік Кипр Түрік Республикасының тіпті жақсы бір жағдайға келуі мақсатымен атқарғысы келуі демократиялық бір жағдай болып саналады. Акынжының Солтүстік Кипр Түрік Республикасының халықаралық мәселелердің шешімі үшін жаңа бір әдіс атқаруын түсінуге болады. Әрбір демократиялық елде болғандай, СКТР халқы да басым дауыспен сайлаған Акынжыдан уәделерін орындауын және табысты болуын күтеді. Алайда бұл жерде сұрауға тиісті бір сұрақ бар. СКТР-ның басты нысанасы не және бұны орындаудың әдісі қалай?

Осы сұрақтың нысана бөлімі оңай. Бірақ әдіс жағы қиын. Нысана-Солтүстік Кипр Түрік Республикасындағы түріктерінің аралда, тыныш, сенім, қауіпсіз және байлық ішінде өмір сүруін қамтамасыз ету. 1950-ші жылдары басталған процесте рөл ойнағандар болса, аралдағы түріктер және олардың негізгі қолдаушысы Анкара. Бұл жөнінде бірдей көзқараста. Алайда осы нысананың қалай табысты болатыны жөнінде басқаша көзқарастар туылған. 1950-ші жылдардан осы таңға дейінгі жағдайға көз жіберілгенде Никосия және Анкараның осы нысанаға жету үшін негізінен екі әдіс қолданғаны байқалуда.
Біріншісі, 1960 жылы Түркия, Грекия және Ұлыбританияның кепілдігінде құрылған Кипр Республикасы. Осы республикада түріктер мен понтилер біте қайнасып өмір сүрді. Осы үлгі 1963 жылы күйреді. Понтилер арал әкімшілігін өз қолына алғысы келді. Осылайша толқымалы және күрделі 20 жыл өтті. 1983 жылы тәуелсіз Кипр Түрік Республикасы үлгісі жарыққа шықты. Тек Анкараның ғана қолдауына ие болған СКТР үлгісінде Кипр түріктері аралдың солтүстігіне қоныстанды. Олар понтилерден толыққанды түрде тәуелсіз еді. СКТР үлгісі аралдағы түріктердің қауіпсіздігі мен абыройын қорғаған бір шешім ретінде қаралуда. Кипрлік түріктер әсіресе Түркияның қолдауымен қауіпсіздік үшінде 32 жыл өмір сүріп келе жатыр.
Осы үлгі СКТР-ның дипломатиялық жақтан танылуы, әлеммен қарым-қатынастарын және экономикасын дамытуы жағынан күткендері жүзеге асыра алмады. Түріктердің қауіпсіздік нысанасы табысты түрде орындалды. Алайда басқа нысаналар толыққанды жүзеге асырылмады. Жарты ғасырдан бері болғандай бүгін де СКТР-на Түркияның әскери, саяси және қаржылай жәрдемі жалғасуда.
Осы екі үлгідегі мәселелер жөнінде арал әкімшіліктері, Түркия және халықаралық ұйымдар Кипр мәселесіне түбегейлі және әділ шешім табу үшін он жылдан бері жұмыс істеуде. Осы аяда ең соңғы үлгі 2004 Аннан жоспары. Бірақ Аннан жоспары Кипр түріктерінің және Түркияның күшті қолдауына қарамастан, понтилердің қолдау көрсетпеуі салдарынан атқарылмады. Аралдың бөлінгеніне риза болмаған понтилер аралды бірлестіретін Аннан жоспарын да қабылдамады. Өкінішке орай осындай болымсыз тұғырларға қарамастан Еуропа Одағының толық мүшесі болды.
2004 жылынан бері тоқтатылған осы үлгіні қысқаша айтқанда «Екі жақты федерал бір Кипр мемлекеті» деп атауға болады. Мұндағы мәселе осы үлгі қалай басталады?
Үлгінің егжей-тегжейлі жағдайын былай қойғанда, бүгін Акынжының және осыған қатысты баршаның назар аударуға тиісті үш түйіні бар. Біріншісі, бүгін Аннан жоспары кезіндегі сияқты күшті бір халықаралық қолдау жоқ. Мысалы, Біріккен Ұлттар Ұйымы және Еуропа Одағы өзінің мәселелері себепті Кипр мәселесіне әділ бір шешім табатын жігер мен күшке ие емес. Екіншісі, Кипр понти әкімшілігі аймақтағы энергия байлықтарын қолына алу үшін Израиль және Мысырмен ынтымақтастық жасауда. Сондықтан бүгін Кипр мәселесін шешуде осы энергия байланыстары мен есеп-шоттарына назар аудармай тұрып мәселені шешуге болмайды. Үшіншісі, осы кезеңде кең қанат жайған Исламофобия мәселесі салдарынан Кипр түріктерінің Еуропа Одағы ішінде қандай бір орынға ие болатынын ойластыру керек. Осы үш түйін себепті мәселені шешу үшін әрі Кипр түріктерінің және Түркияның жалғасты ынтымақтастық жасауы, әрі де осы жөнінде бір-бірімен сәйкесуі керек.



Ұқсас жаңалықтар