Қай Ислам, қай өркениет?

Мармара Университеті Саясаттану және халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы, Проф. Рамазан Гөзеннің анализі

218091
Қай Ислам, қай өркениет?

Қай Ислам, қай өркениет?
Бұл тақырып та дәл «Қай батыс, қай Еуропа?» сынды терминдік анализ мақсатты айтылған. Батыс пен Еуропа ұғымдары түрлі мағынаға және практикаға ие болса, Ислам мен өркениеті де сондай. Ислам дегеніміз не? Мақсатында қандай әлем жатады? Осы сұрақтарға бірден көп жауап беруге болады. Бұл үшін ең қарапайым, әрі актуалды мысал кейбір өздерін мұсылман деп атайтын адамдардың және ИШИМ, Боко Харам және Әл Кайда сынды ұйымдардың Ислам атын жамылып, террор лаңкестіктерін жасауы болып табылады. Тарихта осындай адамдардың және ұйымдардың бұрын болмағанын айту да қиын. Мысалы Хасан Саббах пен ассасиндер сынды 11-ғасырда өмір сүрген радикалдық бағыттағылар, немесе Әзірет Мұхаммедтің жиені, күйеу баласы және 4-ші халифа Әзірет Әлиді өлтіргендерді ұмытуға болмайды. Әрине, бұлардың ешқайсысы Ислам дінінің, тарихының және мұсылмандардың толық қанды өкілі емес. Басқа жағынан әрі мұсылмандардың көбі осы ұйымдар мен олардың істерін мақұлдамайды, әрі Ислам ғұламалары да бұлардың Исламға жат екенін ашық айтып отыр.
Мармара Университеті Саясаттану және халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы, Проф. Рамазан Гөзеннің осы тақырыптағы анализі: 

"Ислам негізінен Құран және Әзірет Мұхаммедтің хадис және сүндетінен тұратын бұйрықтар, тыйымдар және насихаттарына сүйенетін бір әлем мақсат етеді. Мұсылмандардың тұрмысын осы аяда реттеуін талап етеді. Адамдар мен мұсылмандар осы бұйрықтар, тыйым мен насихаттарды орындау тақырыбында еркін. «дінде күштеу жоқ» деп айтады Құран. Басқа жағынан осы принциптердің дұрыс түсінілуі мен орындалуы тақырыбында әрдайым ғұлама мен мамандардың пайымы керек. Әзірет Мұхаммед қайтыс болғаннан кейінгі дәуірлерде пайым билігі бірден салаға тарағандықтан, Ислам жөнінде түрлі доктриналар қалыптасқан.
15 ғасырлық Ислам философиясы мен өркениеті тарихы зерттеліп қарағанда, алдымен сүннит және шиіт деп аталған екі үлкен мектептің ортаға шыққанын көреміз. Өзгешелену осымен шектеліп қалмаған, уақыт өте келе екеуінің де ішінен төменгі ағымдар қалыптасқан. Сүнниттердің ішінен хариджилер, рационалисттер, фиқһшылар, сопылар, сәләфилер сынды. Шиіттікте болса 12 имам, Исламилік, зейдилік, джаферилік сынды тарихаттар бар. Ислам философиясың орындалуы және саясатына байланысты сонымен бірге соңғы 200 жылда жаңа түсініктер де қалыптасты.
Уақыт өте келе түрлі түсініктің ортаға шығуының негізгі себебі Ислам елдерінің мықты батыс елдері алдындағы жеңілістері мен олқылықтары. Ислам елдері ғылыми жұмыстар және халықаралық саясат арқылы нығайған батыс елдері алдында көптеген тақырыпта артта қалды. Ислам елдерінің жерін батыстықтар басып алды. Ислам өркениеті батыс алдында бұзылды, экономикалық және әлеуметтік құрылымдары бұзылды, ең маңыздысы Ислам елдері өз арасында араздасты. Ислам елдерінің күшін қайта жинауы үшін түрлі көзқарастар да шықты. Джемаледдин Афгани бастаған мұсылман зиялылар және түрлі діни топтар ортаға қойған көзқарастарды жалпы үшке бөлуге болады.
Біріншісі, модернист зиялы және топтар. Бұлар Ислам елдерінің батыс алдында құламай қалуы және нығаюы үшін замандасуға үйлесу керектігін айтады. Османлы Империясы кезіндегі Жаңа Османдықтар, Мысыр әкімі Мехмет Али паша, Мұстафа Кемал Ататүрік сынды ойшылдар осындай түсінікте. Модернисттер мұсылмандардың Исламның түпнұсқасын замандас жетістіктер аясында жаңалануы керектігін алға тартады. Модернисттердің маңызды бөлігі саяси партиялар және қозғалыстар арқылы замандасуға тырысады, қалғаны да азаматтық ұйымдар, мәдени бірлестіктер арқылы жүргізеді.

Екіншісі дәстүрлі ойшылдар мен қозғалыстар. Бұлар мұсылман қайткенде өзегіне оралып, яғни Құран мен сүндетті дұрыс түсіну арқылы ғана нығаяды деп сенеді. Мысалы Мысырда Хасан Али Бенна мен Мұсылман бауырлар осы түсініктегі тұлғаларға жатады.
Үшіншісі реакционерлер. Бұлар мұсылмандар тек батысқа қарсы күрес арқылы ғана нығаяды деп сенеді. Бірақ осы күрес қалай болуы керек? Осы тақырыпта бөлінеді. Күрестің саяси және идеологиялық болуы керектігін қолдайтын Сейіт Кутуп, Мевдуди және Хумейни сынды ойшылдар мен саясат қайраткерлерімен қоса, күрестің әскери болуы керектігін, қару қолдану керектігін қолдайтындар бар.
Алайда реакционер түсінік те соңғы жылдары артып отырған Әл Кайда, ИШИМ және Боко Харам сынды ұйымдардың істегендерінің қасында жеңіл қалады. Бұл ұйымдар Ислам діні, дәстүрі, тарихы және өркениетінде бұрын соңды болмаған құбылыстар. Осы ұйымдардың істері, ойлары мен түсініктері Ислам нанымына және 15 ғасырлық дәстүрге жатпайды. Мысалы ИШИМ лаңкестік ұйымының азаматтарды тірілей өртеп немесе басып кесіп өлтіруі ешбір Ислам нанымында кездеспейді. Бұлардың Исламмен ешбір қатысы жоқ. Бұларды мұсылманшылық деп қабылдауға болмайды. Ислам нанымын, дәстүрін білетін мұсылмандар осылай деп қабылдайды. Соңғы кездері жүргізілген халықаралық сауалнамалар да 1,7 миллиардтық Ислам әлемінде ИШИМ сынды ұйымдардың заңды деп қабылданбағанын көрсетеді. Бұл ұйымдар Құран мен сүндеттің түпнұсқасын емес, дінді өз саяси мүдделері үшін қолдануынан туындайды. Бұлар Ислам өркениетіне жат нәрселер"


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар