Түркия және әлем тынысы-109

СИРИЗА және оның лидері Алексис Ципрас.

208101
Түркия және әлем тынысы-109

2015 жылы 25 қаңтар күні Грекияда өткен жалпы халықтық сайлаудың нәтижесі белгілі болды. Орталық оңшыл Демократия партиясы мен орталық солшыл Посак жеңіліске ұшырады. Сондай-ақ ұшқары радикал солшыл партиясы мен оңшыл партиялар жеңіске жетті. Солшыл партиядан Радикал солшыл СИРИЗА коалициясы дауыстың 36,3 пайызын алып, парламентте 159 орынға ие болды. Алайда жалғыз өзі үкімет құра алмағандықтан оңшыл Тәуелсіз гректер партиясымен коалиция құрды.
Осылайша Грекия тарихи бір кезеңге кірді. Тіпті барлық Еуропа, Еуропа Одағы және әлем жүйесі тұрғысынан маңызды бір жағдай ортаға шықты. Өйткені СИРИЗА және оның лидері Алексис Ципрас Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін алғаш рет социалистік бір бағдарлама атқару жөнінде уәде берді. Уәделердің ішінде кедейлерге тегін медицина қызметі, білім беру, электр, әлеуметтік қолдау, жұмыссыздарға жұмыс тауып беру және байлардан кедейлерге капиталдың берілуі бар. Уәделердің ең тартымдысы Грекияның Еуроодақ және халықаралық ұйымдарға деген шетелдік қарыздардың жойылуы үшін саудаласу талабы болып табылады. Ципрастың қазірше Еуроодақ мүшелігін тоқтату сынды бір ойы жоқ. Алайда бұл жөнінде күрес жүргізетінін айтуда.
СИРИЗА-ның табысының аймақ және әлем тұрғысынан да маңызды жаңғырықтар туылатыны байқалуда. Мысалы, СИРИЗА әлемде неолиберализм мен капиталистік экономика жүйесі басым күште болған бір кезеңде пайда болды. СИРИЗА толыққанды түрде Марксизм нысаналарына ие болмаса да уәделерін коммунизмге қайта оралуы ретінде талқылауға болады. Осы қорытындылардың басқа Еуропа және аймақ елдеріне қандай жаңғырық жарататыны қазірше беймәлім болғанымен кем дегенде Фрэнсис Фукуяманың 1992 жылы айтқан «Тарихтың аяқталуы» көзқарасын қайтадан күн тәртіпке әкелді. Фукуяманың либерализмнің жеңісінен кейін социализмнің банкротқа ұшырағанын, сондай-ақ бұдан кейін мүлде жарыққа шықпайтыны жөніндегі көзқарасы қазірше дұрыс емес екені байқалуда.
Осы нәтиже бойынша мына сұрақтар ортаға қойылуы мүмкін. Бірінші сұрақ радикал солшыл әкімшілік Грекия және аймақ Марксизм-коммунизм бағытына ауды деген мағынаға келе ме ? Екінші сұрақ Еуропа Одағына қандай әсер тигізеді? Үшінші сұрақ Грекия сайлау нәтижелері неолиберализм жүйесіне қандай жолдама бере алады?
Мармара университеті саясаттану және халықаралық байланыстар кафедрасы мұғалімі, профессор Рамазан Гөзеннің осы тақырыпқа байланысты көзқарастарын ұсынамыз.
СИРИЗА-ның социализм басым уәделерінің Марксистік бір идеологиядан гөрі соңғы кезеңде елде байқалған экономикалық қиыншылықтарға деген наразылықтан туындағаны көрінді. Бұның ең айқын дәлелі үкімет коалициясын Марксист Грекия коммунистік партиясы KKE-мен емес, оңшыл Тәуелсіз гректер партиясы ANEL-мен құруы болып табылады. Осы таңдаудың негізінде СИРИЗА мен ANEL-дің ортақ бір мәселесі, яғни мемлекетінің үнемдеу саясатын аяқтату мақсатына шоғырлануы жатыр. СИРИЗА мен ANEL Грекияның халықаралық экономикалық дағдарысын және Еуропа Одағы экономика саясаты салдарынан туындаған қиыншылықты жоюды нысаналауда. Екі партия сонымен қатар Еуропа Одағы және әсіресе нақтылы несие қайнары болған Германия мен İMF-тің қаржы шектеулеріне наразылық көрсетуде. Грекия сайлаушылары соңғы жылдарда төмендеген айлықтарына, көтерілген инфляцияға, қиын жағдайдағы экономикалық шарттарға және ең маңыздысы тәуелсіздігінің түбегейлі түрде жоғалуына қарсы шығуда.
Бұл наразылықтар бұрынғы жылдарда, яғни 1994 және 2002 жылдарда Түркияда және басқа елдердегі экономика саясаттарға көрсетілген наразылыққа ұқсайды. Алайда Грекияда басқа елдерден өзгеше түрде радикал солшыл қозғалысының басты орын алуы себебі осы елдің тарихында күшті солшыл және қоғамдық әрекет дәстүрі. Мысалы, СИРИЗА-ға берілген дауыстардың көп бөлімі бұдан бұрын орталық солшыл Пасок-қа дауыс берген солшыл сайлаушылардан келуде.
СИРИЗА жеңісі аймақтық және жаһандық жаңғырық тудырады. Бірақ бұл жаңғырықтардың қалай және қандай көлемде болатыны Грекияның Еуроодақ мүшелігі, İMF және НАТО-дағы орнының қалай өзгеретініне және Ципрас үкіметінің жүргізетін келіссөздерінің нәтижелеріне байланысты. Осы келіссөздердің негізінде болса Еуропа Одағы мен İMF-тің СИРИЗА-ның талаптарын қалай орындайтыны және шетелдік қарыздардың өшіріп өшірілмейтіні бар. Ең басты мәселе осы. Егер Еуропа Одағы мен İMF Грекияның қарыздарын өшіретін болса, онда экономика жақсаруы мүмкін. Бұл нәтиже СИРИЗА үкіметінің табысына жазылады. Бұл жағдайдың басқа елдерге де ықпалы тиеді. Грекияға жасалған жеңілдіктер басқа елдердің радикал парияларының жарыққа шығуын және билік басына келуін ынталандырады. Сонымен бірге Еуропа Одағы мен неолиберализм әлем жүйесінің реформа жасауына апарып соғады.
Алайда егер Еуропа Одағы мен İMF СИРИЗА-ның талаптарын орындамаса онда Грекияның тіпті үлкен дағдарысқа кіруі мүмкін. СИРИЗА-ның Еуропа Одағы мен халықаралық экономикалық ұйымдарды көндіре алмауы қауымға берген уәделерін орындауда қиналады. Сайлаушылардың күткендері босқа кететін болса онда елді радикал түйінге итермелейді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар