Түркия және әлем тынысы – 102

Премьер-министр Ахмет Дауытоғлұ Грекияда сапарда болды.

146301
Түркия және әлем тынысы – 102

5-6 желтоқсанда Афиныда Түркия мен Грекия қарым-қатынастары жан-жақты талқыланған кездесулер өткізілді.


Екі күн бойы Премьер-министр Ахмет Дауытоғлұ мен Самарас және көптеген министр, бюрократ, іскерлер мен саясатшылар Түркия мен Грекия қарым-қатынастарын жан-жақты қолға алды. Күн тәртіптің негізінде Түркия мен Грекия Жоғары деңгейдегі ынтымақтастық кеңесінің 3-ші жиналысы болды. Кеңесте ондаған тақырып талқыланды.


Осы аяда өткен кездесулерді үш сатыға бөлуге болады. Біріншісі, экономика, сауда, қатынас, туризм, мәдениет пен басқа да ұқсас тақырыптар.


Екіншісі, сыртқы саясат, қауіпсіздік және Түркияның Еуропа Одағына толық мүшелік процесін қамтыған тақырыптар.


Үшіншісі және басты тақырып энергия мәселелері. Анығырақ айтқанда, зияраттың басты мақсаты мен күн тәртіптегі басты тақырып та энергияға байланысты болып, қалғандары жай мәселелер.


Алайда басқа тақырыптарды мағынасыз деу де қиын. Өйткені Түркия мен Грекия қарым-қатынастары бір тұтастық болып, өзге тақырыптар мұның толықтаушылары болып табылады. Энергия ынтымақтастығы тараптардың сыртқы саясатта жақсы байланыс орнатуларын, барлық мәселелерді бейбіт жолмен шешулерін мәжбүр қылады. Осы саладағы тәуелділік елдер арасындағы өзара тәуелділікке де әсерін тигізеді.


Түркия мен Грекия арасындағы кездесулердің және энергия тақырыбының басты орынға шығуының уақыт тұрғысынан екі себебі бар. Біріншісі, соңғы апталарда Түркияның мәртебесін энергия тұрғысынан басты орынға шығарған оқиғалар болды. Премьер-министр Ахмет Дауытоғлұның Бағдат және Ирак аймақтық әкімшілігімен табиғи газ және мұнай келісімдерін жасауы, Америка Құрама Штаттары вице-преиденті орынбасары Джо Байден де қатысқан Тынық мұхиты кеңесінің Энергия және Экономика тақырыпты Стамбұл жиналысы, Ресей президентінің стратегиялық Анкара сапары кезінде жасалған келісімдер. Мұның барлығы халықаралық энергия саясаты мен аталмыш саясаттағы Түркияның маңызды орнына байланысты. Табиғи газ мен мұнай байлықтары тұрғысынан кедей Түркия өндірген және тұтынған елдердің немесе аймақтардың қиылысында тұр. Түркия осы ерекше орнын әрі өндірушілер мен тұтынушылар, әрі әлемнің пайдасына ұсынуға талпынуда. Әрине, халықаралық энергия қауіпсіздігіне есе қосатын Түркияның өз қажетін қамдайтыны және пайдасын арттыратыны сөзсіз.


Түркияның осы ерекшелігін қолдануы үшін қатысты актерлермен байланыстарында және сыртқы саясатында бейбітшілік, тұрақтылық пен тыныштықты сақтауы керек. Осы түйінде Кипр мен Шығыс Жерорта теңізі энергия байлықтарына қатысты дағдарыстардың шешімін табуы өте маңызды. Дауытоғлұның Афины сапарының екінші және маңызды себебі – осы болатын. Кездесуде тараптар берген үндеулер Шығыс Жерорта теңізінің энергия байлықтарының ортақ мүдде үшін қолданылуы және осы үшін барлық мәселелердің шешілуі бағытында еді. Бұдан Түркия мен Грекия аймақтағы энергия байлықтарын барлау және әлем пайдасына жеткізу тақырыбында ынтымақтастық жасайтыны қорытындысы шығады.


Энергия ынтымақтастығының өзге бір өресі - Ресей табиғи газын Түркия мен Грекия арқылы Еуропаға экспорттау жобасы. Путиннің Анкара сапарында жариялаған Көгілдір Ағыстың күшін жоюына орай оның орнына тың бір табиғи газ желісін салу шешімі Түркия мен Грекия байланыстарының күшеюін қажет етеді. Осылайша Түркия-Грекия-Ресей желісі арқылы еуропалықтардың қажетін қамдау мүмкін болмақ.


Кездесулердің нәтижесі Түркия мен Грекияның жеке дара емес, ортақ әрекет жасауды үміт етуі. Осы сана мен жігер өте маңызды. Түркия мен Грекия Шығыс Жерорта теңізі мен Эгей теңізі сияқты салалардың ортақ қолданушысы. Дауытоғлұ айтқандай, осы теңіздердің елдердің басын қосқан «бейбітшілік» дәнекері болуы әбден мүмкін. Эгей мен Жерорта теңізі Түркия мен Грекияның қасында Ислам мен Христиан әлемінің де басын қосатын «бейбітшілік шеңбері» болмақ.


Осы арманға жету үшін тараптар белсенді бір сыртқы саясат атқаруы және екі тақырыпта күшті ынтымақтастық жасауы шарт. Бірінші - Кипр мәселесінің ойдағыдай және түбегейлі шешімге жетуі, екіншісі - Түркияның Еуропа Одағына мүшеліктегі кедергілердің жойылуы. Бұл кедергіні Грекия мен Оңтүстік Понти әкімшілігі жасап отырғаны айқын.


Афины кездесулерінің қорытындысы - екі тақырыпта да болымды бейненің қалыптасуы. Самарастың «Түркияның Еуропа Одағына мүше болуы Грекияға пайдалы және қолдау береміз» деген сөздері және Дауытоғлұның «Грекияның күшеюі Түркияға пайдалы» деген мәлімдемесі тек қана дипломатиялық сыпайылық ретінде қалмағаны жөн. Түркия мен Грекия өткен ғасырдағы қақтығыстар мен күйретуші саясаттардан алыс болуы, ынтымақтастық пен жасампаз саясаттар атқаруы қажет.


Әрине, Афиныдағы болымды ортаның екі ел арасындағы ғасырлық дағдарыстарды дереу шешуін күтпеген жөн. Дегенмен, кемінде бұл бір бастама болар. Энергия сияқты стратегиялық құрал мықты бір орай жаратуы мүмкін. Нәтижесі алдағы кезеңде белгілі болмақ.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар