Үлкен-20 саммиті

Ресей Украина және Сирия саясатын өзгерте ме?

200930
Үлкен-20 саммиті

Үстіміздегі жылдың 15-16 қараша күндері арасында Австралияда Үлкен-20 басшылар саммиті болып өтті. Үлкен-20 әлем экономикасындағы ең ірі 20 ел мен Еуроодақтан құралады. Құрылу себебі 2008 жылы басталған қаржылай және экономикалық дағдарысқа шешім табу мақсатымен осы елдердің ортақ саясат жүргізуі. Осылайша әлем экономикасының дағдарыстан шығуына және тұрақты өсімнің жолдарын іздестіру. Бүгінге дейінгі жиналыстардың кемінде қаржылай дағдарыстан шығуға көмектескені айтылса да, әлем экономикалық проблемаларына толық шешім тапты деп айтуға болмайды. Сондықтан Үлкен-20-ның биылғы жиналысында жаһандық экономиканың өсімі, салықтандыру проблемаларының шешілуі сынды тақырыптарға салмақ салды. Алайда Үлкен-20 ешқашан тек қаржы және экономика мәселелерімен шектеліп қалмады. Жылдық жиналыстарда халықаралық саяси және қауіпсіздік тақырыптар да талқыланды. Осы таластардың қақ ортасында АҚШ, Ресей, Қытай, Еуропа мен Еуроодақ бар.


Негізінде экономикалық, саяси және қауіпсіздік проблемаларда күн тәртібін БҰҰ-ндағы тұрақты бес ел немесе Үлкен сегіздік елдері анықтайды. Әлем экономикасы және саясатының басты актерлері әлі осы елдер. Алайда бас актерлер әлемдік экономика және саясатын БҰҰ немесе Үлкен сегіздік ішінде шеше алатын жағдайда емес. Енді әлемдік экономика, саясат және қауіпсіздіктің қалыптасуында соңғы он жылда бас көтере бастаған кейбір елдер де рол ойнауда. Бұлар арасында Түркия, Бразилия, Индонезия, Сауд Арабиясы, Үндістан сынды аймақтық және жаһандық ықпалы бар елдер өте маңызды. Әрқайсысы өз аймағында экономикалық және саяси тұрғыдан басты рол ойнайтын осы елдер Үлкен-20 қатарында.


Мармара Университеті Саясаттану және халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы, Проф. Рамазан Гөзеннің тақырыпқа байланысты анализін ұсынамыз.
**
Түркияның Үлкен-20 қатарында орын алуының себебі – әлемдегі үлкендігі жағынан 16-шы экономика болуы және аймағындағы саяси, қауіпсіздік, әскери тақырыптарда рол ойнауы. Экономикалық тұрғыдан Түркия жаһандық қаржы және экономикалық дағдарыстан үлкен соққы алмастан шықты. Президент Ердоғанның айтқанындай, жаһандық экономикалық дағдарыс Түркияның шетіне тиіп қана кетті. Түркияның экономикалық өсімі, қаржы тұрақтылығы, жұмыспен қамтамасыз етуі, сыртқы сауда және ең маңыздысы сенімділігі осы үдерісте еш зарар көрмеді. Сондықтан да Түркияның әлеуеті басқа елдерге үлгі ретінде көрсетілді.


Басқа жағынан Түркия аймағындағы саяси және қауіпсіздік проблемаларының шешілуінде маңызды рол ойнады. Осы аяда 2009-2011 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің уақытша мүшелігіне сайланып, артынан да 2011 жылынан бастап Араб көктемі үдерісінде өнегелі ел ретінде рол атқарды. Жалпы алғанда, Түркия осы кезеңде аймақтық мәселелердің шешілуінде және демократиялық бетбұрыстарда маңызды рол алып, әлем қауіпсіздігіне үлес қосты. Осының нәтижесінде Түркия Үлкен-20 елдер тобында таңдаулы ел болды.


Үлкен-20-ның биылғы күн тәртібінде экономикалық тақырыптармен қоса тіпті аймақтағы саяси мәселелер болды. Осылардың біріншісі Ресейдің Украина жеріне баса көктеп кіруі, екіншісі де Түркияның АҚШ және басқа ірі елдерді Сирия тақырыбында көндіру болатын. Негізінде екеуі де Түркияға жақыннан қатысы бар. Осы тақырыптардың орталығында Ресей де орын алуда. Ресей тек Украинаны басып алған ел емес, маңыздысы Сирияда Асад әкімшілігіне қолдау берген басты ірі күш. Ресей екі тақырыпта да ішінара Қытайдың қолдауын да алып, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін тұйыққа тіреп, әскери және саяси күшін қолданып және аймақтағы елдермен ынтымақтасты. Ресейдің Украина және Сирия саясаты батыстық елдермен бірге Түркияға да қиыншылық шығарды, әлі де жалғастыруда.


Осы тұрғыдан қарағанда, Үлкен-20 саммитінде үміт отын жағатын оқиғалар да болды. Әсіресе АҚШ, Ұлыбритания және Канада басшыларының Ресейді сынаған мәлімдемелері алға шықты. Саммит бойынша Ресейге ауыр санкциялар бағытында талап келді. Басқа жағынан премьер-министр Давутоғлу президент Обама мен премьер-министр Кэмеронмен өткізген кездесулерінде ISIS-пен бірге Асадқа қарсы да ынтымақтастық жасалуын сұрады. Баспасөзде жарияланған хабарларға қарағанда, Обама мен Кэмерон Асад билігін доғармастан ISIS-пен күрестің табысты болмайтынын білдірді. Осы мәлімдемелер Түркияның Сирия саясатының Обама тарапынан қолдау көре бастағанын көрсетеді. Яғни Обама Асадқа қарсы бір операция жасауды жоспарлауда немесе Асадты қиын жағдайға қалдыру үшін Сирияда ұшуға тыйым және сенімді аймақ қалыптастырады деп жорамалданды.


Осы хабарлардың кейбірін Обама растамаған болса да, Үлкен-20 тобы елдердің күн тәртібінің Ресейге ықпалды болғаны көрінді. Ресей президенті Путиннің жиыннан ерте кетіп қалуы және топтық суретте орын алмауы осы ықпалдың бір нәтижесі. Әрине, Үлкен-20-дағы осы оқиғалардың Ресейге ұзын мерзімде қалай әсер ететінін күтіп көру керек. Ресей мүше елдердің барлығы мақұлдаған Украина және Сирия сындары алдында не істер екен? Төмендеген мұнай бағасының және артып отырған санкциялардың Ресей бюджетіне әсері Ресейдің Украина және Сирия саясаттарын өзгертуіне жете ме? Осы сұрақтарға жауапты келесі Үлкен-20 саммитіне дейін көруге болады. 2015 жылы Үлкен-20 кезекті төрағалығын атқаратын Түркия осы сұрақтарға жауап табуда маңызды рол ойнауы да мүмкін.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар