ISIS-пен күресте Түркияның ұстанымы

Шешім үдерісі шеңберінде ISIS-пен күрес

140738
ISIS-пен күресте Түркияның ұстанымы

Түркияда шамамен екі жыл бұрын басталған шешім үдерісі қазір табысты түрде жалғасуда.

Осы үдерістің негізгі мақсаты отыз жылдық ПКК террорын жою және елде демократия мен бауырластықты жетілдіру. Осы мақсат екі жылда ішінара жүзеге асты. Екі жылдан бері террор лаңкестіктері қайталанбауда, адам өлмеуде. Бұл нәтиже ел көлемінде қуанышқа себеп болуда. Әсіресе әскерлердің отбасылары жаназа келмегеніне қуанады.


Шешім үдерісінің мақсаты тек террорды доғару емес, сонымен бірге ПКК террор ұйымының қару тастауы, Түркия территориясынан кетуі және соңында ПКК террор ұйымының ыдырауы. Осы мағынада ішінара жетістіктер болды, үдеріс жалғасуда. Себебі террористер әлі елден кеткен жоқ. ПКК террор ұйымы толығымен ыдыраған жоқ. Осы проблемалар шешім үдерісі аяқталды деген мағынаға келмейді. Түркия Ұлы Ұлттық мәжілісі осы мақсатпен өте маңызды заң қабылдады. Осылайша шешім үдерісі үкіметтің ынтасынан да асып түсіп, мемлекеттің ресми немесе заңды саясатына айналды. Сонымен бірге Халықтардың демократиялық партиясы мен Имралы аралында түрмеде жатқан террор ұйымының басшысы Өжалан арасындағы тікелей келіссөздер жалғасуда. Үдеріс осылай жалғасып жатқан кезде, өткен апта Ирак Шам Ислам Мемлекетті атты лаңкестік ұйымның Сириядағы шабуылдары мен қорытындылары үдерістің болашағына кейбір қауіп төндірді.


Мармара Университеті Саясаттану және халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы, профессор Рамазан Гөзеннің тақырыпқа байланысты анализін ұсынамыз.
**
Ирак Шам Ислам Мемлекеті атты лаңкестік ұйымның Сирия мен Ирактағы шабуылдары ең соңында Сирияның Кобани және Ражова аймағына келді. Аймақтағы жиырмадан астам күрд ауылын лаңкестік ұйым басып алды. Жергілікті халық Түркия шекарасына қарай көшуге мәжбүр болды. Босқын санының артқаны соншалықты Түркия шекарасын ашып, ирактық күрдтердің және басқа да халықтың қауіпсіздігін қамдады. Саны жүз отыз мыңнан асатын босқындардың кейбірі аймақтағы ағайындарының үйін паналады. Кейбірі болса түрік үкіметі берген қоныстарға орналастырылды. Бұл саясат Түркияның зардап шеккен халыққа және әсіресе күрдтерге бөлген маңызын көрсетеді. Түркияның ұстанымы елдегі күрд тектес азаматтардың қолдауын алды, Халықтың демократия партиясы лауазымдылары үкіметтің осы мейірімді саясаттарына алғыс білдірді.


Алайда бір жағынан террор ұйымы ПКК және Халықтың демократия партиясының тең төрағасы Демирташтан осы оң қадамға керісінше хабарлама келді. ПКК мен Демирташ Сирияда Ирак Шам Ислам мемлекеті аты ұйымға қарсы соғысу үшін күрдтерден тұратын жасақ құрылуын сұрады. Бұған түрік әскерінің де қосылуын айтты. Осыған ұқсас бір хабарлама Ирак Күрд аймақтық әкімшілік басшысы Барзаниден келді. Барзани әрі ирактық күрдтерді лаңкестік ұйымға қарсы соғысуға, әрі халықаралық қоғамды Ражовадағы күрдтердің қорғалуына шақырды.


Осы хабарламалар егер іс жүзіне асатын болса, лаңкестік ұйымға қарсы күрестің қадамы болады. Лаңкестік ұйыммен күрес тұрғысынан бұл қадам, сонымен бірге өзімен бірге үлкен рисктерді де ала келеді. ISIS-ке қарсы күрд күресі шешім үдерісі актерлерінің арасын ашады, бұл да үдеріске соққы енгізеді. Бұл қауіптің екі жағы бар. Біріншісі,террор ұйымы ПКК бағыт берген осы жастардың лаңкестік ұйымға қарсы соғысуы олардың қарулануы немесе қазір үндемей тұрған қаруларының қайтадан қолданыла бастауын қамдайды. Террор ұйымы ПКК-ның қайтадан қару қолдана бастауы шешім үдерісінің негізгі мақсаты болып табылатын ұйымның қарусыздандырылуына соққы енгізеді. Рисктің екінші жағы болса мынадай: ПКК террористерінің лаңкестік ISIS ұйымына қарсы соғысуы пайдалы болса да, Түркияның құрлық соғысына қосылуы мақсатына сай келмейді. Түркия НАТО басшылығындағы күреске принцип ретінде қолдау береді, алайда әскери операцияларға қатысқысы келмейді. Сондықтан осындай жағдай Түркияның саясатына қайшы нәрсе.


Осы оқиғалардың шешім үдерісіне басқа бір қаупі де негізінде диалог пен келісім жатқан үдеріс орнына қарулы қақтығыс үдерісінің қайтадан басталуы ықтималы.


Шешім үдерісінің негізгі нысанасы қарудың үнін өшіру, мылтықтың топыраққа көмілуі және проблемалардың экономикалық, әлеуметтік және саяси әдістермен шешілуін қамдау. Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі қабылдаған жаңа заң осы мағынада маңызды қадам деп есептеледі. Ендігі күтетініміз осы заңның іске асырылуы және проблемалардың шешілуі. Осы шеңберде ең маңызды нысана болса таудағы террор ұйымы ПКК-ның мүшелерінің қаруларын тастап, отбасыларына оралуы. Егер террор ұйымы ПКК ның мүшелері ISIS ұйымына қарсы соғыса бастаса, осы мақсаттың орындалу ықтималы азаяды. ПКК мен ISIS ұйымының Сирия мен Ирак шекарасында соғысуы Түркияның қауіпсіздігіне де кері әсерін тигізеді.


Ал осы рисктердің алдын алу үшін не істеу керек? Мұның жалғыз жолы тараптардың бір-бірінен тәуелсіз қозғалудан бас тартып, бірге күресуі. Ирактық күрд топтары өздері үшін шешім беруден аулақ болуы және үкіметтің лаңкестік ұйыммен күрес саясатына қолдау беруі. Түркияның басшылығында жүргізілетін террормен күрес стратегиясы шешім үдерісінің әрі философиясына, әрі ісіне сай қадам болмақ. Бірігіп басылған қадамдар шешім үдерісінің табысты болуын қамдайды. Сонымен бірге ISIS ұйымына қарсы табысты да арттыра түседі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар