Израильдің Газа секторына шабуылы

Проф. др. Рамазан Гөзеннің осы тақырыпқа байланысты анализі

76436
Израильдің Газа секторына шабуылы

Израиль үш еврей азаматы палестиналықтар тарапынан алып қашырылды деген сылтаумен 12 маусым күнінен бері Газа секторын бомбалап жатыр. Бұл Израильдің бірінші шабуылы емес, ондаған жылдан бері жүргізіп келген шабуылдарының басқа бір үлгісі. Соңғы шабуылда жүздеген адам қаза тапты, жараланды. Үйлер жермен-жексен болды. 1,5 миллион палестиналық өмір сүретін Газа тағы бір мәрте көмілді. Басқа жағынан Батыс Шерияда тұратын палестиналық басшылар, депутаттар, министрлер барлығы 500 шақты саясат қайраткері тұтқындалды. Операциялардың ауқымы кеңейеді деп айтылып отыр. Сонымен бірге құрлық операциясы басталды. Бұлардың барлығы жаңа бір Израиль-Палестина соғысы деген мағынаға келеді.
Израиль әдеттегідей осы шабуылдарын палестиналықтар лаңкестік жасады деп сылтауратып бастады. Алайда осы шабуылдың асыра сілтенгенін, қырғын деңгейіне дейін жеткенін көп ешкім айта алмады. Ондаған жылдан бергі әдет өзгермеді, Израильдің Газадағы қырғынына әлем халқы наразылық білдірмеді. Америка Құрама Штаттары мен батыстық елдер сабырлы болуға шақырды, алайда бұл сөздердің Израильді тоқтатуға күші жетпеді. Бір жағынан аймақ елдері басшыларынан, мысалы Түркия президенті Гүл мен премьер-министр Ердоғаннан қатал үндеу келді.


Мармара Университеті Саясат білімі және халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы проф. др. Рамазан Гөзеннің осы тақырыпқа байланысты анализін ұсынамыз.
**
12 маусым күні басталған шабуылда жаңа жетістік жоқ. Израиль Палестина жерлері болып табылатын Газа мен Батыс Шерияны 1967 жылдан бері басып алып отыр. Израиль БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қарарларына қарамастан аймақтағы басқыншылығын тоқтатпауда.


Израиль Газа мен Батыс Шерияны тек басып алып қана қоймады, осында өмір сүретін жазықсыз адамдарға әскери шабуыл жүргізді, тұтқындады. Одан да нашары, Израиль Газа секторына эмбарго жүргізді, құрлықтан, теңізден және әуеден шектеу келтіріп, әлеммен байланысын үзді. Бұл саясат Газаны әлемнің ең үлкен ашық ауа түрмесіне айналдырды. Гитлердің еврейлер үшін ашқан лагерьлері сынды 1,5 миллион адам Израиль лагерінде өмір сүруде.


Адам түңілерлігі, Гитлерге қарсы әлем көлемінде наразылық бар еді, ал Израильдің істеріне ешкім қарсы шыға алмай отыр. Соңғы оқиғаларға деген наразылықтар бұдан бұрынғыларға қарағанда әлсіз. Бұрын Израиль Палестинаға шабуылдаған кезде Сирия, Ирак және Ливиядан кейбір реакция келер еді. Ешбір нәтиже бермесе де, Саддам, Каддафи мен Асадтан келген наразылықтар психологиялық қанағат туғызатын еді. Соңғы жылдарда болса Түркия мен Иранның ықпалы артқан болатын. Түркияның Палестина саясаты Израильді қинап, кейде кері қадам басуын қамтамасыз етуші еді.


Алайда осы әсер бүгінгі күні азайды. Бір жағынан араб көктемі үдерісіндегі өзгерістер, бір жағынан Сирия дағдарысы Израильге деген аймақтық қысымдарды жойды. Мысырда билікке келген Сисидің, ішкі соғыстағы Асадтың, дағдарыстағы Ливияның, мұнай шайхтарының Палестина жөнінде ықпалды саясаты болмай отыр. Сондықтан Израильдің күші арта түседі.


Мемлекеттер болмаса да, Таяу Шығыста жалғасып жатқан қоғамдық дағдарыс пен қақтығыс самалы Израильге әсер етіп отыр. Израиль Сирия мен Ирактағы алау өзіне де жұғады деп қорқады. Газаға соңы шабуылды осылай деп бағалауға болады. Израиль осы шабуылдары арқылы төңірегіндегі елдерге мықты және соғысқа дайын екенін көрсетуге тырысады, әрі Хамасқа, әрі аймақтағы Израильге қарсы топтарға құқай көрсетіп отыр.
Түріктерде «Қорқу ажалға пайда етпейді» деген мақал бар. Израиль аймақта оттан алыс тұруға тырысса да, осы алаудың оған жұғуы ықтималы бар. Бұл Израильдің өз саясатына байланысты. Израиль жазықсыз адамдарды өлтіруді қаншалықты жалғастырса, аймақтағы хаос арта түседі, хаос артса, Израильге де тез тарайды. Израиль егер шабуылдың орнына бейбітшілікті таңдап, өзі басып алған жерлерді босалтса, өрттен аман қалады.


Алайда Израильдің шабуылдарын тоқтатуы және алдағы уақытта қайта бастауы тек осы елдің қолына тасталмауы керек. Әсіресе АҚШ, батыстық елдер, БҰҰ секілді халықаралық актерлер мен Ислам елдерінің Израильді тоқтату үшін атсалысуы қажет.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар