Қожа Ахмет Ясауиді еске алды

«Ғасыр данасы – Қожа Ахмет Ясауи» атты халықаралық конференция өтті.

2123583
Қожа Ахмет Ясауиді еске алды

Түркістанда сопы, ойшыл Қожа Ахмет Ясауиді еске алу шарасы өтті.

Ясауидің туғанына 930 жыл толуына орай «Ғасыр данасы – Қожа Ахмет Ясауи» атты халықаралық конференция өтті.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Түрік-Қазақ университетінде «Ғасыр данасы – Қожа Ахмет Ясауи» атты халықаралық конференция өтті.

Конференцияға Қазақстанның 13 облысынан 140 мұғалім қатысты.

Сонымен қатар Иран, Өзбекстан, Қырғызстан және Ауғанстан елдерінен Ясауи мұрасын зерттейтін белгілі ғалымдар келді.

Университеттің проректоры профессор доктор Пеями Баттал шараның мақсатының Ясауи мұрасын зерделеу, отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулерін бір арнада біріктіру екенін атап өтті.

«Ахмет Ясауидің ілімі мен философиясын насихаттау және дамыту үшін университетімізде қазірдің өзінде институт құрылды. Біз Түркияның әртүрлі университеттерінде осы институттың филиалдарын ашуға тырысып жатырмыз» деді Баттал.

Конференция аясында « Ясауи мұрасы және рухани таным», «Ясауи мұрасының оқу-тәрбие үрдісінде қолданылуы» және басқа да тақырыптарда 5 панель өткізілді.

 



Ұқсас жаңалықтар