Қазақстанда 2 мыңнан астам адам эвакуацияланды

Қазақстанда су жайылған елді мекендерден 2 мыңнан астам адам эвакуацияланды.

2121857
Қазақстанда 2 мыңнан астам адам эвакуацияланды

Қазақстанда 27 наурыздан бері әртүрлі өңірлерде су басқан ауылдар мен елдімекендерден  2 мыңнан астам адам эвакуацияланды.

Қазақстан қалың қарлы қыстан кейін келетін көктемгі ауа райымен кенет еріген қар суымен күресуде.

Әлеуметтік желідегі суреттерде қар суының еруі салдарынан кейбір ауылдардың толығымен су астында қалғанын көруге болады.

Қазақстанның оңтүстік, батыс және шығыс бөлігіндегі тас жолдар мен көпірлердің су астында қалуы кесірінен кейбір ауылдық елді мекендерге қатынау қиындады.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда, Түркістан, Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарындағы  су жайылған елді мекендерден 2 мың 54 адам эвакуацияланды. Олардың 613-і бала. Осы күнге дейін 1700 млн текше метр еріген су айдалды.

Су тасқынынан ең көп зардап шеккен Батыс Қазақстан, Абай, Ақтөбе және Қостанай облыстарының кейбір елді мекендерінде облыстық ауқымда төтенше жағдай жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар