Ашхабадта Ақсақалдар кеңесі жиналысы өтеді

Жиналысқа Түркия атынан Кеңес төрағасы Бинали Йылдырым қатысады.

2113732
Ашхабадта Ақсақалдар кеңесі жиналысы өтеді

12 наурызда Түрікменстан астанасы Ашхабадта Түрік Мемлекеттері Ұйымының Ақсақалдар кеңесінің отырысы өтеді.

Мүше елдердің ақсақалдары (кеңесшілері) орын алатын жиынға Түркия атынан Кеңес төрағасы Бинали Йылдырым қатысады.

Жиында бұған дейін қабылданған шешімдер талқыланып, мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты арттыру жолдары іздестіріледі.

Түрік Мемлекеттері Ұйымының ақсақалдары 15-ші рет бас қосып отыр. Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов қонақтарды жоғары деңгейде қабылдау туралы жарлық шығарды.

Түрікменстанның ұлттық көшбасшысы және ақсақал Құрбанқұлы Бердімұхамедовтың қабылдауында болатын ақсақалдарға ресми ауызашар беріліп, Құран Кәрім оқылады.

Кеңес отырысына ұйымның негізгі мүшесі Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан, сондай-ақ бақылаушы ел Венгрия жіберген ақсақалдар қатысады.



Ұқсас жаңалықтар