Қазақстан уақыты бірыңғай белдеуге ауысты

Азаматтардың ұялы телефондарына сағат белдеуін өзгерту туралы ақпараттық хабарламалар жіберілді.

2109501
Қазақстан уақыты бірыңғай белдеуге ауысты

Қазақстан екі бөлек уақыт белдеуінің орнына бірыңғай белдеуге ауысты.

Үкімет қабылдаған шешімге сәйкес, 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Қазақстанның батыс өңірінен басқа барлық облыстары мен қалаларының сағат тілі бір сағатқа артқа қойылды. Осылайша ел толығымен батыс бөлігінде қолданылатын UTC (Әлемдік үйлестірілген уақыт) + 5 уақыт белдеуіне қосылды.

Азаматтардың ұялы телефондарына сағат белдеуін өзгерту туралы ақпараттық хабарламалар жіберілді.

Ұшақ пен пойыз қозғалысының кестесіне қатысты апаттық желі құрылды. Ал банктер мобильді қосымшалардағы кейбір қызметтерге қол жеткізуге шектеулер болуы мүмкін екенін хабарлады.

Қазақстан үкіметі өткен жылы елдің батыс бөлігінде UTC-тен 5 сағат бұрын (UTC+5) уақыт белдеуі, ал қалған аймақтарда UTC-тен 6 сағат бұрын (UTC+6) уақыт белдеуі қолданылғанын және бұл адамдарда көптеген қиындық тудырғанын мәлімдеген еді. Сондықтан үкімет бір уақыт белдеуіне ауысуды шешкен болатын.



Ұқсас жаңалықтар