Министр Фидан қазақ әріптесі Нұртілеумен кездесті

Қазақстан Премьер-министрі орынбасары және Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Анталияға келді.

2109298
Министр Фидан қазақ әріптесі Нұртілеумен кездесті

ТР Сыртқы істер министрі Хакан Фидан 1-3 наурыз күні өтетін «3-ші Анталия дипломатиялық форумы» алдында Анталияда Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен бас қосты.

Дипломатиялық ақпарат көздерінен алынған мәліметке қарағанда министр Фидан «3-ші Анталия дипломатиялық форумы» алдында қазақстандық әріптесі Нұртілеумен кездесті.

Өзара саяси қарым-қатынастар қолға алынған кездесуде қорғаныс өнеркәсібі, білім және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты дамыту үшін жасалуы мүмкін қадамдар талқыланды.

Екі ел арасындағы 10 миллиард долларлық сауда көлемінің өткен жылы белгіленген межеден асып түскені еске салынып, тараптардың сауда, энергетика және көлік салаларындағы кейінгі жобаларды бағалағаны атап өтілді.

Кездесу барысында тараптар өңірлік мәселелерді жан-жақты талқылап, Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) аясындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағыттары күн тәртібіне келді.



Ұқсас жаңалықтар