Ататүрік университеті Әзербайжан университетімен хаттамаға қол қойды

Екі университет арасында бірлескен ғылыми зерттеулер және түрлі мәдени іс шараларды ұйымдастыру туралы хаттамаларға қол қойылды.

2109212
Ататүрік университеті Әзербайжан  университетімен  хаттамаға қол қойды

Ататүрік университеті Әзербайжан техникалық университетімен ынтымақтастық хаттамаға қол қойды.

Университет баспасөзінің мәлімедемесіне қарағанда, Ататүрік университеті шығыс елдерінің ең маңызды университеттерімен ғылыми және мәдени хаттамаларға қол қою арқылы “интернационалдандыру” жұмыстарын жалғастыруда.

Осы тұрғыда Әзербайжан техникалық университетінің ректоры профессор доктор Вилаят Валиев, ректордың көмекшісі профессор доктор Фариз Мамадов және университет өнеркәсіп ынтымақтастығы президенті Айнуре Исмайлова Ататүрік университетінің ректоры профессор доктор Өмер Чомаклымен кездесті.

Екі университет арасында ғылым және білім беру негізінде студенттер мен оқытушылар алмасу, бірлескен ғылыми зерттеулерді жоспарлау және түрлі мәдени іс шараларды ұйымдастыру туралы хаттамаларға қол қойылды.



Ұқсас жаңалықтар