Қырғызстан мен Моңғолия арасында келісім

Қырғызстан Парламентінің спикері Нұрланбек Шакиев Моңғолия Ұлттық Ұлы  Ассамблеясының төрағасы Занданшатар Гомбожавпен кездесті.

2108104
Қырғызстан мен Моңғолия арасында келісім

Қырғызстан мен Моңғолия парламенттері ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Қырғызстан Парламентінің спикері Нұрланбек Шакиев ел астанасы Бішкекке ресми сапармен келген Моңғолия Ұлттық Ұлы  Ассамблеясының төрағасы Занданшатар Гомбожавпен кездесті.

Шакиев кездесуде қырғыз және моңғол халықтарын тек әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастық қана емес, сонымен қатар ғасырлар бойы көшпелі өмірден келе жатқан тарих пен мәдениеттің байланыстырып отырғанын айтты.

Соңғы жылдары екіжақты қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын еске салған Шакиев парламентаралық диалог пен дипломатияны тереңдетудің маңыздылығына тоқталды.

Моңғолия Парламентінің спикері Гомбожав та Қырғызстанмен сауда, туризм және білім салаларында ынтымақтастықты дамытуды қалайтындарын атап өтті.

Гомбожав Қырғызстан парламентінің төрағасы Шакиевті биыл Моңғолияда өтетін «Транс-Алтай тұрақтылық диалогы» форумына шақырды.

Келіссөз соңында Шәкиев пен Гомбожав Қырғызстан мен Моңғолия парламенттері арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.



Ұқсас жаңалықтар