Түркістаннан Самарқандқа жаңа рейс ашылады

2025 жылдың соңына дейін қазақстандық әуе флотын 25 жаңа ұшақпен ұлғайту жоспарлануда.

2107549
Түркістаннан Самарқандқа жаңа рейс ашылады

15 наурыздан бастап Қазақстанда Түркістаннан Самарқандқа жаңа рейс ашылады.

Сонымен қатар 2025 жылдың соңына дейін қазақстандық әуе флотын 25 жаңа ұшақпен ұлғайту жоспарлануда.

ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті елдің ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмысын жалғастыруда.

Қазақстандық «Қазақ Эйр» компаниясы 15 наурыздан бастап Түркістан-Самарқанд бағыты бойынша рейстерді бастайды. Рейстер аптасына екі рет жұма және жексенбі күндері орындалады.

Бұл ретте 2025 жылдың соңына дейін қазақстандық әуе флотын 25 жаңа ұшақпен ұлғайту жоспарлануда.

ҚР Көлік министрлігі Марат Қарабаев отандық авиацияны дамытудың 2025 жылға жоспарланған негізгі міндеттерін жариялады. Министрдің айтуынша, биыл Шымкент, Қызылорда және Алматы әуежайларында жаңа жолаушылар терминалдарының құрылысын аяқтау жоспарланды.

Сонымен қатар елдің басқа қалаларындағы әуежайлардың инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар