Димаш Құдайберген  Стамбулда баспасөз мәслихатын өткізді

Димаш түркиялық жанкүйерлерімен қазақ, түрік, ағылшын және орыс тілдерінде тілдесті.

2108058
Димаш Құдайберген  Стамбулда баспасөз мәслихатын өткізді

26 ақпан күні Қазақстанның әлемге танымал жас әншісі Димаш Құдайберген  Стамбулда баспасөз мәслихатын өткізді.

Босфор жағалауында өткен мәслихаттың басты демеушісі – «RAMS GLOBAL”.

Баспасөз мәслихаты барысында Димаштың жаңа “When I’ve got you” бейнебаянының тұсауы кесілді. Рәсім аясында әншінің өзі бейнебаянның идея  авторының өзі екенін,  режиссерінің Ғалым Асылов екенін айтты.

 Клиптің режиссері, әрі желілік продюсері Жәнібек Ғұсмановтың хабарлауынша бейнебаян Алматы қаласында түсірілді. Оның айтуынша, бейнебаянды түсіру кезінде Қытайдан келген 70 маман жұмыс істеген және дәл сол жерде арнайы костюм тігіліп, ерекше образдар жасалған.

Стамбулда өткен баспасөз мәслихатында Димаш түркиялық жанкүйерлерімен қазақ, түрік, ағылшын және орыс тілдерінде тілдесті. Әрі журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Жиын барысында жеке концерті Түркияда 24 мамыр өзінің  30 жасқа толуына орай “Тюпраш” стадионында өтетінін айтты.

Айта кетсек, бұл стадионда атақты Майкл Джексон, Рианна, Шакира сынды әншілердің жеке концерттері де болған.

Димаш алда өтетін концертінде жаңа тосын жаңалықтармен таң қалдыратынын атап көрсетті.

Димаштың жеке порталының хабарлауы бойынша “When I’ve got you” бейнебаянына пікір жазған оқырманның комментарийі 10 күн бойы жоғары сатыда тұрса, Димаш Құдайбергеновтің 24 мамыр күні болатын концертіне 2 билет ұтып алуға болады. Билет құнына ұшу ақысы және қонақ үй де кіреді.



Ұқсас жаңалықтар